МИБ БОЛМАСАҢ, ЖС БОЛАСЫҢ

Пәтер иелері кооперативінің жұмысы 1 шілдеден бастап тоқтайды. Сол себепті  жезқазғандықтар көппәтерлі тұрғын-үйлердің басқару түрін меншік иелері бірлестігіне немесе жай серіктестікке ауыстыру қажет. Бұл туралы тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Алиса Сағымбаева БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде толығырақ тарқатты.
Қаламызда 655 көппәтерлі үй бар. Оның 486-сы МИБ пен ЖС екеуінің бірін таңдауы шарт. Аталған заңнама іске қосылысымен тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары үйлерді аралап, түсіндіру жұ- мыстарын жүргізіп келеді. Нәтиже де жоқ емес. Бү- гінге дейін 7 көппәтерлі тұрғын үйде МИБ құрылса, 279-ы ЖС-ны таңдаған. Ендігі кезекте қалған 200 тұрғын-үй жазға дейін таңдауларын жасауы қажет.
– Осыған дейін тұрғын-үйлерге ПИК қызмет көрсетті. Бұрынғыға қарағанда ПИК жұмысының біршама жақсарғаны рас. Дегенмен, тұрғындар тарапынан шағым таусылған емес. Бір күннің ішінде ПИК-ке қатысты кем дегенде 6-7 шағым тіркеледі. Міне, осындай олқылықты тоқтату мақсатында МИБ пен ЖС басқару формасы енгізілді, – деген Алиса Сағымбаева жазда жүргізілетін жылыту маусымына дайындық, тазалық жұмыстары белгіленген ретпен өтуі үшін тұрғындар тез арада шешім қабылдауы қа-жетін еске салды. 1 шілдеге дейін ешқандай басқару формасын таңдамаған тұрғындарға заңды тұрғыдан арнайы жаза қарастырылмаған. Дегенмен, мұндай жағдайда тұрғын-үй инспекциясы бөлімі ПИК-терді сотқа беріп, өкілеттігін тоқтатады. Демек, мұндай тұрғын-үйлер басқару формасынсыз өз-өздері қалады. Бұл тұста ең бірінші кезекте жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілмейтіндігі қиындық тудыратыны жасырын емес.

Әлі де 200 үй тұрғындарының ПИК-тен бас тартуға қарсылық танытып отырғанының басты себебі – жауапкершіліктен қашу екенін алға тартқан Алиса Сүтбайқызы, МИБ-ке де, ЖС-ға да қажетті тоқсан- дық және жылдық есептер үлгісі өз бөлімінде барын және бұл жұмыстар айтарлықтай қиындық тудырмайтындығын жеткізді.

Осы тұста: «Меншік иелері бірлестігі мен жай серіктестіктің арасында нендей айырмашылық бар?» – деген сұрақ туындауы орынды. Мысалы, МИБ заңды түрде тіркеледі. Оны құруға тұрғын-үйде- гі белсенді тұрғындар арасынан кем дегенде 3 адам төрағалыққа сайланады. Бұл үшін пәтер иелерінің 50 пайыздан астамының келісімі болса болғаны. МИБ үшін екі есепшот ашылады. Оның біреуі – ағымдағы болса, екіншісі – жинақтық. Ағымдағы шот есебінен күнделікті тазалау, жинау, жуу қызметтеріне қаржы бөлінеді. Ал жинақтық шотқа ұзақ мерзімді жөндеу жұмыстары үшін қаржы жиналады. МИБ қызмет көрсетуші мекемелермен келісімшартқа отыра алады. Сондай-ақ, МИБ басқарушысы төлемдік шоттарға қаржы аудармай отырған тұрғындарды көре алады. Есепшотқа ақша аудармайтын тұрғындар үстінен 3 рет ескерту берілгеннен кейін, сотқа шағымдануға болады.
Ал жай серіктестік құру үшін тұрғындардың 100 пайыздық келісімі болуы тиіс. Жай серіктестік заңды тұлға ретінде тіркелмейді. Бұл форманы таңдаушылар басқарушы сайлайтын болса, оған сенімхат беруі міндетті. Жай серіктестікті таңдаған тұрғындар өз үйлерінің қамы үшін ағымдық шот аша алады, бірақ жинақтық шот ашу мүмкіндігі жоқ.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН
11:07
1330

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020