КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ

Кезекті аппарат мәжілісінде Талап, Кеңгір, Малшыбай елді-мекендеріндегі соңғы аптадағы атқарылған жұмыстар талқыланды. Отан қорғаушылар күнімен барлық қала тұрғындарын құттықтаған қала әкімі Қайрат Әбсаттаров, алдымен Талап ауылының әкімі Қайрат Бапановтың есебін тыңдады.

Ауыл әкімінің айтуынша, Талапта атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. 550 тұрғыны бар ауылда 30-ға жуық отбасы мемлекеттен жәрдемақы алады. Биыл Талапта үш көшенің жолы күрделі жөндеуден өтпек. Осы мақсатта 25 млн теңге қаржы бөлінген. Мамыр айының соңына дейін конкурс қорытындысы шығарылып, мердігер анықталатын болады. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары бөлімінің бақылауымен 375 метр кәріз құбыры ауыстырылмақ.

Қазір ауылда екі шағын дүкен мен мектеп асханасы ойдағыдай жұмыс істеп тұр. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын ауылда мал дәрігерлерімен бірлесе отырып, қан алу, вакцина салу сынды ветеринариялық шаруалар жүргізілген. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес егін шаруашылығын дамытуға назар аударылғанын айтқан Қайрат Бапанов жеке кәсіпкерлердің жұмылуымен 30 гектар жерден өнім алу жоспарланып отырғанын баяндады. Аталмыш мақсатта алдағы уақытта инвесторлар тарту да ойда бар.

Одан әрі мәдениет саласындағы жетістіктердіжіпке тізген Талап ауылының әкімі газдандыру жұмыстарының жайына да тоқталды. Алғашқылардың қатарында көгілдір отынның шапағатын көрген ауылдағы 139 үйдің 22-сі ғана үйге газ кіргізген. Қалғандары қыс бойы отынның таусылуын сылтау етсе, кейбіреулерінің үйге газ кіргізуге қалтасы көтермей отырғандығын алға тартты. Бүгінде үйге газ тарту жұмысының құны 450000-нан 650000- ға дейінгі аралықта қаржыны қажет етеді.

Одан әрі Кеңгір округінің әкімі Алмат Саухимов соңғы санақ нәтижесіне сәйкес, Кеңгірде 2613, Теректіде 379, Түйемойнақта 160, Қорғанбайда 111 және өзге разъездерде 71 адам тұрып жатқанынын жеткізді.

Одан әрі Кеңгір округінің әкімі Алмат Саухимов соңғы санақ нәтижесіне сәйкес, Кеңгірде 2613, Теректіде 379, Түйемойнақта 160, Қорғанбайда 111 және өзге разъездерде 71 адам тұрып жатқанынын жеткізді.

Соңғы аптада тұрғындарды мазалаған жайттардың бірі – су құбырын Есқұла жерасты суына қосу мәселе лесі. Құбыр іске қосылғанмен, орын алған олқылықтар әлі де бар. Бүгінде жауаптылар қалалық жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорнымен бірлесіп мәселені біржақты етуге күш салып жатыр.

Алмат Саухимовтың айтуынша, Түйемойнақ станциясында әлі күнге дейін интернет байланысы жоқ. Тұрғындар шағымына сәйкес «Beeline» компаниясына хат жолданған. Олар аталған аймаққа 2023 жылға қарай интернет желісін тарту жоспарда барын жеткізген. Оған дейін күтпей, ертерек қам жасауға болмай ма деген сауалға техникалық жағдайларды ескере отырып, шешім қабылданатындығы айтылды.

Кеңгір елді-мекенінде абаттандыру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Сенбіліктер де жиі ұйымдастырылады. Биыл ауылға 120 тал егілген. Тағы бір айтарлық жайт мешіт жамағатының бастамасымен мұқтаж жандарға жалпы сомасы 207 378 теңгеге азық-түлік пакеті үлестіріліпті.

Жезқазған қалалық полиция басқармасы биыл да заңсыз қару-жарақ тәркілеу жұмыстарын жолға қойды. Есеп берілген кезең аралығында Кеңгір селосынан заңбұзушылық анықталмаған. Тұрғындар қаңғыбас иттердің көптігі салдарынан балаларының қауіпсіздігіне алаңдаулы. Аталған мәселе бойынша ветеринар мамандар ит ату жұмыстарына шектеу қойылғанын, қазір оларды ұстауға арналған арнайы орын салынып жатқаны туралы айтты.

91 отбасы, 346 адам тұратын Малшыбайда тіркелген 87 шаруа қожалығы мен 3 жеке кәсіпкерліктің 65-і жұмыс істеп тұрғанын айтқан ауылдық әкімдіктің бас маманы Әлібек Майгелдинов соңғы бір аптада жер телімін беру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Ауыл әлеуметінің әлеуеті артпай, ел экономикасы алға озбақ емес. Ендеше, ауыл әкімдерінің мойнында барды ұқсатып, ел сенімінің үдесінен шығу міндеті тұр.

13:39
1543

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020