​СЫНАҚТЫ СӘТТЕГІ ҚАЖЕТТІ ҚАДАМ

Әлемді көзге көрінбейтін індет құрсаулап тұр. Бүкіл адамзат осы құрсауды бұзып, қалыпты тііршілікті қамтамасыз ету үшін күрес жүргізуде.

Әрбір мемлекет өз елінде аурудың одан әрі дендеп кетпеуі үшін барынша сақтық шараларын қолға алуда. Біздің елімізде Төтенше жағдай жариялануы да сондықтан. Халықтың басым бөлігі мұны түсіністікпен қабылдады. Өкінішке орай, жасырынып жиын жасап, той-томалақ өткізу фактілері де кездесуде. Бұл бейқамдықтың соңы өкінішті жағдайларға ұрындырып та жатыр. Осы кезеңде анау-мынау «белсенділікті» тыйып тастап, жиып қойып, қазақы тілмен айтқанда, билік тарапынан «жат десе, жатып, тұр десе, тұруымыз» керек. Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Тәртіпке бағынғаннан құл болып кетпейміз».

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен халықты індеттен қорғау және қиын шақта экономиканы тұралатпау, ең бастысы, жұмыссыз қалуға мәжбүр болған жандарды, қоғамның аз қамтамасыз етілген топтарын қорғау мақсатында қолға алынып жатқан шаралар, қабылданып жатқан шешімдер өте дұрыс. Халық мемлекетке, мемлекет халыққа қарайласатын, жәрдемдесетін барлық мүмкіндіктерді іске қосқаны жөн. Бұл орайда, мемлекетіміздің басшысының кешегі Мәлімдемесінде көптеген шаралар қарастырылғаны көңілден шықты. Мұндағы барлық белгіленген бағыттар, берілген тапсырмалардың мақсатыҚасым-Жомарт Кемелұлының «Біз, мемлекет және қоғам болып барша азаматтарымызға қолдау көрсетеміз, ешкімді көмексіз қалдырмаймыз.Мұқтаж адамдарға қол ұшын береміз» деген сөзіне келіп тіреледі. Сондықтан да, сынақты сәттегі қажетті қадам халықтың көңіліндегі түйткілді таратып, ертеңге деген сенімді нығайта түскеніне еш күмәнім жоқ.

Абдолла ДАСТАНОВ,

« Шындық » қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Сәтбаев қаласы

18:38
395

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020