Хабарлама

Хабарлама

Ұлытау облыстық мәслихатының аумақтық сайлаукомиссиясының құрамын қалыптастыру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10,19-баптарына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) Ұлытау облыстық мәслихатыҰлытау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын қалыптастырауытуралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиясы жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын партияларға қатысты жоғары тұрғандар сайланады.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшілері және қалыптастырушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 10 маусымнан 25 маусымғадейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссиясының құрамына кандидатура туралы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының сайлау комиссиясының құрамына кандидатура ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3)саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері Жезқазған мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңының 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс. Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, Орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2022 жылғы 10 маусымынанбастап 25 маусымға дейін жүзеге асырылады, сағат 9.00 -18.30 дейін, үзіліс сағат13.00- 14.30 дейін.

Ұлытау облыстық мәслихаты

Шыңғысов Бауыржан Қабденұлы- Ұлытау облыстық мәслихатының хатшысы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Жезқазған қаласы, Алаш алаңы,1

Жауапты тұлғаДаулеткельдина Айнагул Бакытовнақалааралық телефон коды (87102), қызметтік телефон 711323, ұялы телефон нөмірлері 87052293615, факс 711323, электрондық пошта мекенжайы: Zhezmaslih@mail.kz.

Ұлытау облыстық мәслихатын Ұлытау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 7 мүшесі сайлайды.

Сайлау комиссиясының орналасқан жері- Жезқазғанқаласы.

Ұлытау облыстық мәслихаты

18:36
214

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020