​МӘМС: жеке кәсіпкерлер жарнаны қалай төлейді?

Бүгінгі таңда Ұлытау облысында медициналық мекемелерде тіркелген 220 674 тұрғын бар болса, оның 29 502 МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған. Сақтандырылмағандардың 827-сі – жеке кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын азаматтар, 915-і азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатындар болса, тағы 7 308 жұмыскер үшін жұмыс беруші ай сайынғы МӘМС аударымын уақытылы аудармаған. Осы орайда Қордың Ұлытау облысындағы филиалы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе сақтандырылмаған азаматтардың қатарын азайтып, адамдардың баға жетпес байлығы – денсаулығынжақсарту және медицинаның қолжетімділігін қамтамасыз ету жолында кешенді жұмыстар атқаруда. Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен кездесу соның бір дәлелі.

Қордың Ұлытау облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Қымбат Еламанова мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау жөніндегі басқарушы директорының м.а. Ғалымжан Сүтбаевтің қатысуымен өткен жиында “МӘМС: жеке кәсіпкерлер жарнаны қалай төлейді?” тақырыбы талданды.

–Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын азаматтар басқа да әлеуметтік аударымдармен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға белгіленген мөлшерде жарна төлейді.2023 жылы осы санаттағы төлеушілер үшін жарна мөлшері ай сайын 4 900 теңгені құрады,– деген Қымбат Еркінқызы аударымдар мен жарналарды төлеудің тәртібіне тоқталды.

Жеке кәсіпкерлер төлемерді екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі, оның ішінде мобильді қосымшалар арқылы, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ, Касса 24 және Qiwi әмиян өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы аударады. Төлем коды (ТК) – 122.

Егер жеке кәсіпкердің жалдамалы қызметкерлері болса, онда ЖК иегері жұмыс беруші ретінде төлемдердің уақытылы жүргізілуіне жауап береді.Жұмыс беруші қаражаты есебінен Қорға қызметкерлердің жалақысының 3% мөлшерінде аударым мен қызметкердің жалақысынан 2% мөлшерінде жарна аударуы қажет. Жеке кәсіпкер қызметкері үшінаударымды банктің кез келген бөлімшесі, оның ішінде мобильді қосымшалар және «Қазпошта» АҚ арқылы 121төлем кодын көрсету арқылы төлейді.

МӘМС туралы ҚР Заңына және ҚР Салық кодексіне сәйкес, салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрғандарды немесе әрекетсіз деп танылғандарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жарна төлейді.

Жеке кәсіпкер өзі немесе оның жалдамалы қызметкері зейнеткер, Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесемүгедегі,«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы ана, мүгедектер мен студент санатына жататын жағдайда жарналар мен аударымдарды төлемейді. Егер жеке кәсіпкерлігі бар әйел декреттік демалысқа шықса, ол 4900 теңге көлеміндегі жарнаны төлеуден босатылмайды. Жеке кәсібі заң жүзінде уақытша тоқталығанда немесе жабылғанда ғана 3 жасқа дейінгі баласы бар әйел ретінде жеңілдік санатына қосылып, жарна аудармайды.

Кездесуге онлайн және оффлайн қатысқан кәсіпкерлер мен олардың қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталатынын, сондай-ақ ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа қандай медициналық көмектің көрсетілітенін білді.

Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН

10:35
133

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020