Балалар — ұлт болашағы

Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарламасын бұқара халық зор үміт артып, қуана қабылдағаны сөзсіз. Бұл бағдар­лама- ел болашағына салынып отырған стратегиялық инвестиция екені анық. Президент ел көңілінен шыққан тың бағ­дарлама туралы 2022 жылдың 1 – қыркүйегінде жариялаған «Әді­летті қоғам. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында айтты. Осыған байланысты Жолдаудан үзінді келтірсек: «Біз Ата Заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы. Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аудары­лып тұрады, оны мерзімінен бұрын есеп­шоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырамын», деді Қ.Тоқаев.Мемлекет басшысының бұл бастамасы жарқын болашаққа деген үлкен сенім.Еліміздің табиғи байлықтарын сатудан түсетін табысты халық игілігіне жұмсауға арналған бағдарламадан үлкен үміт күтеміз!

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАН

15:10
176

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020