Жезқазған қалалық мәслихаты VIIІ шақырылымының депутаттары

Жезқазған қалалық мәслихатының VIIІ шақырылымының І кезектен тыс сессиясында жаңадан сайланған депутаттар таныстырылып, оларға депутат куәлігі мен төсбелгісі табысталды. Сонымен, 13 сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына мандаты төмендегі тізімдегі депутаттарға берілді. Олар:

1. Есен Үсен Бекболатұлы;
2. Мусилов Мейрам Муханбедиевич;
3. Капарова Раушан Онгонисовна;
4. Рахай Нұрдәулет Құрманқұлұлы;
5. Умирбеков Ринат Кайратович;
6. Шаяхметов Мурагер Ерланович;
7. Рустемов Амир Альмуханович;
8. Нурмаганбетов Едиге Тулегенович;
9. Рымбаева Роза Жиханкеровна;
10. Есжанова Мейрамкуль Токсеитовна;
11. Шлехт Александр Владимирович;
12. Ибадатова Турсынай Шахмуратовна;
13. Альсеитов Ануарбек Муратович.

Сессияға қала әкімінің міндетін атқарушы Ербол Құсайынов та қатысып, депутаттар жұмысына сәттілік тіледі және ел үмітін ақтап, халыққа қызмет ете берулеріне тілектестік білдірді.
Жиын барысындағы екінші мәселе – мәслихат төрағасын анықтау. Депутаттар төраға лауазымына Раушан Қапарованы ұсынды. Дауыс беру нәтижесінде залда отырған 12 депутаттың 11-і Раушан Қапарованың кандидаттығын қолдап дауыс берді. Нәтижесінде, Раушан Қапарова Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды.
Сессия тізгінін қолына алған Раушан Қапарова алдағы атқарылуға тиісті жоспарлармен таныстырып, депутаттарды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ел игілігі үшін ұйымдаса еңбек етуге шақырды.
Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН
15:59
170

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020