123 МЫҢ ҰЛЫТАУЛЫҚ ҮШІН МЕМЛЕКЕТ ЖАРНА ТӨЛЕЙДІ

Медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облыстық филиалына МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне, яғни 15 санатқа қатысты сауалдар жиі түседі. МӘМС-ке жарна төлеуден кімдер босатылған? Жеңілдікке ие 15 санат қатарында болу үшін қайда жүгіну керек? Осы және өзге де сұрақтарға қатысты Қор филиалының директоры Әлібек Бердыбеков түсіндіріп берді.
Жеңілдігі бар азаматтар «сақтандырылған» мәртебесіне ие және оларға МӘМС тізіміне кіретін барлық медициналық қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекет есебінен МӘМС үшін жарна төленетін жеңіл­дік­ке ие 15 санат қатарына: 18 жасқа дейінгі балалар; жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер; жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; 3 жасқа толмаған бала тәр­­биесімен айналысатын жұ­мыс істемейтін аналар; жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға бай­ланысты, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның кү­ті­міне байланысты де­ма­лыс­­тағы тұлғалар; мүгедек баланы күтіп-баға­тын, жұмыс істемейтін адамдар; бірінші топтағы мүге­декке күтім жасайтын жұмыс іс­те­­мейтін адамдар; зейнеткерлер; қылмыстық-атқару жүйесінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқандар; тергеу изолятор­ларын­да­ғы адамдар; жұмыс істемейтін қан­дас­тар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқа немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ
I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордені иегерлері; мүгедектер; күн­діз­гі оқу нысанында білім алатын студенттер мен мем­ле­­кеттік атаулы әлеуметтік кө­мек алушылар жатады.
Егер сіз осы 15 санаттың бі­рі­не кірсеңіз, бірақ «сақ­тан­ды­рыл­маған» болсаңыз, растайтын құжаттар тізімін жинап, Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыруыңыз керек. Ақпарат мемлекеттік органдарға жолданып, тиісті шаралардан соң сізге «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәр­тебесі беріледі және сіз үшін мем­лекет жарна төлейді.
Сақтандыру мәртебесін fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орта­лы­ғы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot байланыс арналары арқылы тексеруге болады.
Ұлытау облысында жеңілдік санатына 123 мыңнан аса тұрғын енген.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ
16:22
147

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020