​АЛМАТЫДА ЕКІ БОЙЖЕТКЕН КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛДІ

Алматы қаласында 2 бойжеткен коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды  coronavirus2020.kz .

Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 44-ке жетті. Ал соңғы мәлімет бойынша елімізде 584 жағдай тіркелген.

Алматы қаласында коронавирус жұқтырудың 116 оқиғасы тіркелді. Ауруға шалдыққандармен байланыста болған алты адамнан вирус анықталған.

Қазіргі кезде қаланың инфекциялық стационарларында COVID-19 диагнозы қойылған 96 пациент жатыр, олардың бірі – Алматы облысының тұрғыны.

79 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Ересек екі адамның жағдайы өте ауыр, тағы екеуінің жағдайы ауыр, 13 адам – орташа ауыр халде жатыр.

Бүгін коронавирус дертінен айыққан тағы екі пациент үйлеріне жіберілді. Бұл 1997 және 1998 жылғы екі бойжеткен. Олардың бірі 15 наурызда Ыстанбұл-Алматы рейсімен ұшып келген, екіншісі вирус анықталған адаммен байланыста болған.

Бүгінде Алматыда 21 адам ауруханадан шығарылды, соның ішінде екі бала бар. Олардың барлығы 14 күндік үй жағдайындағы карантинде жатыр.

Қазіргі кезде уақытша орталықтарда 521 адам бар, соның ішінде 79-ы – бала. Екі күндік карантинде 390 азамат (48 бала), ал үй жағдайындағы карантинде – 4 805 адам жатыр.

10:18
313

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020