БАТЫЛ ҚАДАМДАР ҚАЖЕТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінен елімізде саяси реформалардың өз жалғасын табатыны айқын аңғарылды. Соның бір айғағы – биыл алғаш рет елімізде 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің тікелей сайлауы өтетінін мәлім етті.

Бұл сөз жоқ, Президент айтқандай, барлық билік институттарының жаңа- руына жол ашатыны анық. Мұндай үрдіс еліміз егемендік алған осыған дейінгі 30 жылдың ішінде жүзеге аспап еді. Аталған саяси науқан Қазақстанның болашақта демократиялық тұрғыдан дамуына даңғыл жол ашып, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейте түсері белгілі.
– Бәріміз мына бір өте маңызды нәр- сені түсінуіміз керек.Қазақстан – осы геосаяси аймақта түбегейлі реформа жүргізіп жатқан бірден-бір ел. Кейбір адамдар, солардың ішінде саясаткерлер де бар, осындай реформалар Қазақстанға қауіп төндіруі мүмкін деп айтады. Бірақ мен осы өзгерістердің барлығы, ең алдымен, ел болашағы үшін ауадай қажет деп ойлаймын, – деп атап көрсетті Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Расында да елімізге түбегейлі өзгерістер керек. Ол үшін Президент айтқандай, осындай батыл қадамдар жасамаса болмайды. Сондай батыл қадамдардың арқасында соңғы бірер жылда еліміз- де ауқымды жұмыстар атқарылды. Ата Заңымызға өзгерістер енгізіп, сайлау жүйесін жаңғырта алдық. Кешегі өткен сайлау сол батыл қадамдардың жемісі. Кешегі посткеңестік мемлекеттірлдің ішінде Қазақстан мұндай тың бастама- ларды жүзеге асырып, оның жемісін де көріп отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейінгі бір алқалы жиында сөйлеген сөзінде «Алдағы сайлау біз жү- зеге асырып жатқан саяси реформаларға тың серпін береді деп сенемін. Сондай- ақ тұрғындарды ел басқару және шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашады» деген болатын.
Сөйткен реформа басталды. Бұған дейін өткен ауыл әкімдерін сайлау науқаны шынында да үлкен өзгерістің басы болды. 2024 жылға дейін барлық аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері сайланып бітуі тиіс. Ал одан кейін 2021 жылы сайланған әкімдердің алғашқы мерзімі де бітіп үлгереді. Демек, бұдан былай жергілікті тұрғындар өздері қалаған азаматты басшы етіп сайлап алуға дағдылана түседі деген сөз. Бұл мемлекеттік басқару ісіне бұқараның араласуын арттырып, халықтың билікке деген сенімін нығайтпақ.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ 
09:15
117

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020