МӘМС жарналарын қайтарудың есебі

«Егер адам басқа ЖСН -ге жарна төлеген болса, енгізілген күн немесе деректер қате болса, ақшаны қайтаруға немесе басқа мерзімге қайта төлеуге бола ма?» деген сұраққа Ұлытау облыстық филиалының директоры Ә.Бердыбеков жауап берді.
МӘМС үшін төлемдерді басқа кезеңдерге қайта бөлу мүмкін емес, бірақ оларды қайтаруға болады
Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы »КЕАҚ-қа өтініш жазып, төлемді растайтын құжаттарды тіркеу қажет.
Мемлекеттік корпорациялар мекен-жайын gov4c.kz сайтынан табуға болады.
Өтінішті қарау 15 жұмыс күнінен аспайды. Төлем қандай түрде жүргізілсе, дәл солай қайтарылады.
Мемлекеттік корпорация келесі себептер бойынша ақшаны қайтармайды:
-Өтініште банктік деректемелер қате көрсетілсе;
-Өтініш ҚР ДСМ 2017 ж. 30 маусымдағы N478 бұйрығында бекітілген түрінде жазылмаса; -Өтініште қайтару себептері қате көрсетілсе; -Өтінішке құжаттардың толық пакеті бекітілмесе;
-Егер ақшаны қайтаруға ешқандай негіз болмаса; -Егер ақпарат мемлекеттік органдардың жүйелерімен расталмаса;
-Егер қайтаруды ҚР аумағына уақытша келген шетел азаматы рәсімдесе (немесе шетел азаматының отбасы мүшесі).
08:51
109

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020