​ТІС ЕМДЕУ КІМДЕР ҮШІН ТЕГІН?

Бүгін көптің көкейіндегі «МӘМС есебінен тіс емдетуге бола ма?» деген сұраққа жауап іздеп көрсек. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде сақтандырылған азаматтардың кейбір санатына тіс емдету қызметі тегін негізде көрсетіледі.
Шұғыл жағдайда 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, ҰОС ардагерлері, зейнеткерлер, мүгедектер мен «Күмiс алқа», «Алтын алқа» төсбелгілерінің иелері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, мүгедек балаға немесе бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтар көмекке жүгіне алады. Оларға жансыздандыру, салманы дайындау және орналастыру, жансыздандыру арқылы тіс жұлу, периостотомия, абцесті ашу сияқты қызметтер қолжетімді.
Жоспарлы түрде тіс емдету 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге қарастырылған. Аталған санаттағылар жансыздандыру арқылы тіс жұлу мен салманы дайындау мен орналастыру қызметін ақысыз көрсетіледі.
Бір ескеретіні, МӘМС шеңберінде тіс емдету Қормен келісімшарт жасасқан тіс клиникасында ғана мүмкін. Ұлытау облысында олардың саны саусақпен санарлық. Атап өтер болсам, Жезқазған қаласында «Әсия» және Жезқазған медициналық колледжінің стоматологиясы, Сәтбаев қаласында «Стоматолог» ӨК, қалалық емхананың тіс кабинеті, Қаражал қаласында «Сүлейменова» ЖК, Жәйремде кент ауруханасы, Жаңаарқа мен Ұлытау аудандарында орталық аурухана Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі болып табылады.
Маржандай тізілген тістер адамның ажарын кіргізіп қана қоймай күллі денсаулығымыздың кепілі екенін естен шығармай, ауыз
қуысының күтіміне баса назар аударайық!
Өз тілшіміз
11:19
95

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020