ҰЛТ БОЛЫП ҰЙЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

Елбасы мақаласындағы басты басымдық – адам және отбасы. Олардың әл-ауқаты. Бұл – «NurOtan» партиясының басты ұстанымдары. Партия лидері өзінің елге арнаған мәлімдемесінде Президент Тоқаевтың қабылданған шешімдірін қуаттады. Шынында вирустың таралуын тоқтату үшін жұмсалатын шығындар мен әлеуметтік шығындар көлемінірі ұлттық жобалармен салыстыруға болады. Бұл – халықтың денсаулығын қорғауға бағытталыған маңызды қадам. Әлеуметтік топтарға қамқорлық, отбасына қамқорлық жасау кезек күттірмес мәселе екені атап көрсетті.

Осы жағдайға байланысты мақала жазып, Елбасы халыққа үндеу жолдады. Онда Нұрсұлтан Назарбаев эпидемияға қарсы шаралардың және қазына қаржысын үнемді жұмсаудың маңыздылығын атап өтіп, қазақстандықтарды бірлік пен келісімге шақырады, сондай-ақ бизнес өкілдерін Туған елге қиын уақытта қол ұшын беруге үндеді.

Қазақстан халқы күрделі сын-қатерлерге төтеп бере алатынын, елдің ұлттық мүдделерін, егемендігі мен тәуелсіздігін қорғауға қабілетті екенін тағы да дәлелдеді.

«Біз бір халықпыз! Біз біргеміз! Қоғамның бірігуі елдің дамуы үшін қажет», — деді Елбасы өз мақаласында. Қиын-қыстау кезеңде ұлт болып ұйысып, әр қадамды асқан жауапкершілікпен жасау жөніндегі тұжырымдарын партия Төрағасы: «Ұлт денсаулығы және мемлекеттің қауіпсіздігі – ажырамайтын ұғымдар. Мемлекет бар қиындықтарды жеңу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Бірде-бір адам, бірде-бір азамат қолдаусыз қалмайды», — деп түйіндеді.

Тағдыры талайлы халқымыз көрген ауыр күндер бір бұл емес. Талай зұлматты өткерген еліміз бұл қатерді де артқа тастап, өркениет көшіне өзіндік жасампаздығымен ілесе береді. Оған сенім кәміл. Ол күнді жақындату үшін біздің бірлігіміз, тұтастығымыз қажет.

Бауыржан ШЫҢҒЫСОВ,

«Nur Otan» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» Ж ШС жанындағы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары,

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты

14:05
468

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020