​АНА мен БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жыл сайын әлемде 15 миллион сәби мерзімінен бұрын дүниеге келсе Қазақстанда бұл көрсеткіш жылына 22 мың нәрестеге жетеді. Ұлытау облысында жыл басынан 130 бала тоғыз ай, тоғыз күнін күтпей туған. Ендеше, бүгін шала туған балаларды қатарға қосатын неонатология қызметі туралы сөз қозғасақ.

Жезқазған перинаталды орталығының жанында 2004 жылдың сәуірінде ашылған неонатология бөлімінің ұжымы өз тарихында салмағы жарты килограмм сәбиді де аман алып қалған. Ащы термен келген бұл жетістіктік білікті басшы Кәукер Жаксыгильдинова бастаған неонатолгтар Айнұр Бейсекова, Дана Ыдырысова, Айнұр Байгорина мен өз ісін жетік меңгерген мейірбикелердің еңбегінің жемісі. Орта буын медицина қызметкерлері Айнагүл Тулебекова, Светлана Бауман, Гульнар Билялова, Сауле Калмаганбетова, Алтынкуль Каримова, Динара Биназарова, Айнагуль Есенбекова, Жанна Байкасынова балаларды мейірімге бөлеп, жан жылуын аямайды. Бұл сөзімізге Аяулым Қарабайдың хаты дәлел.
–Мен жүктіліктің 30 аптасында босандым. Қыздарым 1200 және 1450 грамм салмақта туды. София мен Ясина салмақ қосып, ширағанша дәрігерлердің бақылауында болдық. Ауруханада жатқан үш айдың ішінде олар балаларға дұрыс күтім көрсетуді үйретті. Бөпелерді тамақтандырды, шомылдырды, сылап-сипады. Бір сөзбен айтқанда ақ халаттылар бөлімде жатқан әрбір баланы туғанындай көріп, жанашырлық танытады, — деп ағынан жарылған ананың егіздері өміріне бүгінде еш қауіп жоқ.
Ана денсаулығын қорғау, со¬ның нәтижесінде өмірге дені сау ұрпақтың келуі, халық санының көбеюі – қазіргі кездегі медицина саласының маңызды және басымды міндеттерінің қатарында. Осы мақсатта елімізде жүкті әйелдердің өмірге дені сау сәби әкелуі үшін барлық мүмкіндік жасалуда.
–Қор өз жұмысын бастаған үш жылдың ішінде жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайтуға баса назар аударуда. Атап айтқанда жүкті әйелдерді жеке және босануға дейінгі бақылау мен қамтуға, сонымен қатар медициналық көрсетілімдер кезінде экстра корпоралдық ұрықтандырудың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, балаларды проактивті бақылау және скринингтермен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтуға жыл сайын Қордан бөлінетін қаржы көлемі артылуда. Әйелдің құрсақ көтеруінен бастап туғанға дейінгі антенаталды күтім қызметіне 2023 жылы Ұлытау облысына 282 802 653 теңге бөлінген. 9 айдың ішінде Қор жүкті әйелдерге көрсетілген 66654 қызмет үшін 158 687 314 теңге аударып берді, – деді Қордың Ұлытау облыстық филиалының директоры Әлібек Бердыбеков.
Өз тілшіміз
12:08
254

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020