​СЕРГЕЙ ЕРШОВ СЕНАТ САЙЛАУЫНА ТҮСЕТІНІН ЖАРИЯЛАДЫ

ҚР Парламент Сенатының Қарағанды облысынан сайланған депутаты Сергей Ершов алдағы Сенат депутаттары сайлауына қатысатынын растады. Бұл туралы  Tengrinews.kz жазды.

«Қарағанды облысының өкілі сенатор Сергей Ершов та алдағы сайлауға қатысатынын растады. Ершовтың мамандығы – құрылыс инженері. Әр жылдары «Қазамыс» корпорациясында еңбек еткен. Қарағанды облыстық мәслихатында депутат болған. 2014 жылдан бері сенатор. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі», — деп жазады Tengrinews.kz.

Естеріңізге салсақ, Президент Қ. Тоқаев 2014 жылы сайланып, биыл өкілеттігі аяқталатын Сенат депутаттарының сайлауын 12 тамызға  белгілеген болатын. Биыл Сенатта 17 депутат  сайланады

09:12
626

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020