​«ҰЛЫТАУ» ГАЗЕТІНЕ ЖАҢА БАС РЕДАКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қарағанды облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінде кадрлық өзгерістер болды. Газет Бас редакторының орынбасары қызметін атқарған Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТ Ұлытау аудандық «Ұлытау» газетіне Бас редактор болып тағайындалды.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТ 1964 жылы Ұлытау ауданы Қорғасын ауылында туған. 1989 жылы Жезқазған педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек жолын Ұлытау ауданындағы «Таң нұры» комсомол-жастар шопандар бригадасында шопан болудан бастаған. Кейін мұғалім болып, комсомол ұйымында еңбек етті. Ұлытау аудандық комосомол комитетіне жетекшілік жасады, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, Қарсақбай кентінің әкімі болып қызмет атқарды. Жезқазған қалалық «Сарыарқа» газетінің тілшісі, жауапты хатшысы, бас редакторының орынбасары – жауапты хатшы, Қаражал қалалық «Қазыналы өңір» газетінің бас редакторы, Қаражал қаласы әкімінің орынбасары қызметтерінде болды. Кейінгі жылдары облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінде жауапты хатшы, газеттің Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалалары және Жаңаарқа, Ұлытау аудандары бойынша меншікті тілшісі, Қарағанды облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редакторының орынбасары болып істеді.

Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы «Тіл майталманы» номинациясының иегері және т.б. көптеген марапаттары бар. 

Ал, «Ortalyq Qazaqstan» газеті Бас редакторының орынбасары лауазымына Әлібек Әбдірашев  тағайындалды

10:02
1203

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020