​АЭС салу – уақыт талабы

АЭС салуды қолдау жөніндегі Ұлытау облыстық халықтық штабтың алғашқы отырысы өтті.

АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығын шешуден болып отырғаны белгілі. Штаб мүшелерінің бұл бастамасы да елдегі энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға бағытталған.

Жиында штаб төрағасы Бауыржан Шыңғысов Қазақстанның бүгінгі таңда электр энергиясының тапшылығын сезініп отырғанын атап өтті, сондықтан осының бір шешімі ретінде АЭС құрылысын қолдау маңызды екеніне тоқталды.

Сонымен қатар Бауыржан Қабденұлы штабтың құрамында 6 саяси партияның және 20-ға жуық қоғамдық ұйымдардың өкілдері, барлығын қосқанда 65 мүшесі бар екенін айта кетті. Аталған ұйымдар 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша референдумға дейін АЭС салу қажеттігін қолдай отырып, өңірлерде халықпен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Бұндай штаб алдағы күндері облыс бойынша барлық қала, аудандарда құрылып, тұрғындармен кездесулер өткізеді.

Айта кетейік, 2030 жылға қарай Қазақстанда қуат жетіспеушілігі сағатына 13 миллиард киловаттан асуы мүмкін.

Еркебұлан Егінбайұлы.

ОМТ

11:34
2271

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020