​Еңбек адамына деген құрмет жоғары болуы тиіс

Кешегі күндері «Жезқазған қаласы әкімінің жастар сыйлығы» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталып оларға арналған арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл іс-шара қаламызда биыл екінші жыл өткізіліп отыр және де ол кешегі Қазақстан республикасының президентінің жолдауында айтылған «2025 жыл- жұмысшы мамандықтар жылы» деген ұсынысты толығымен ашып тұр деуге негіз бар. Бұл игі істің басты мақсаты әрбір саланың жас майталмандарын анықтап олардың жетістіктерін бағалау. Келесі жылы жұмысшылар номинациясы кеңінен дәріптелінетін шығар деп ойлаймын. Және де бұл бастаманы Қазақмыс корпорациясы толығымен қолдап, баяғыдағы «социалистік жарыс» секілді әрбір кәсіпорындарда жүргізсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Әрине біздің өндірістік қалада техникалық мамандықтарға деген сұраныс жоғары. Бірақ кәсіби білім беру жүйесінің әлі де болса дұрыс деңгейде еместігі жасырын емес. Кезінде орта кәсіптехникалық оқу орындары комбинаттың толық қамқорында болып, оқу бітірген жастарға міндетті түрде жұмыс беретін. Дегенмен қазіргі уақытта ол үрдіс жоғалды. Жезқазған қаласы әкімінің бұл бастамасы Президенттің "қоғамда жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттауымыз керек" деген ұсынысына және «Адал азамат -Адал еңбек -Адал табыс» қағидасына сай келеді.

Жезқазған қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы

М. Қазамбаев

11:36
1132

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020