​Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар

Көліктегі және жол шаруашылығындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының міндеттері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын қорғау және жол-көлік оқиғаларының салдарын жою болып табылады. Көліктегі құқық бұзушылық негізінен қасақана және едәуір қауіпті болып табылады, ауыр нәтижелердің болуына әкеп соғуы мүмкін және тек қана құқық бұзушының емес, басқа да адамдардың да өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп төндіруі мүмкін, сондықтан осы санаттағы істер оларды қарау кезінде айтарлықтай жауап қажет етеді. Көлік және жол шаруашылығы саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік ӘҚБтК-нің 30-тарауының (барлығыи 77 бап) 559-635-баптарында көзделген. Осы баптардың көбі бланкетті болып табылады, ол әртүрлі мән-жайларда жасалған жол жүру құқығын бұзу үшін жауапкершілікті көздейді. Көлік құқығының ерекшілігі-ол әкімшілік құқықпен реттелген мүліктік қатынастарды біріктірді. Алайда мұндай комбинация өз алдына көлік құқығын дербес құқық саласына бөлу үшін жеткілікті негіз болып табылмайды. Көлікте жарғылар мен кодекстердің болуы, сондай-ақ көліктегі қатынастарды реттейтін нормативтік материалдар пайдаланылады. Мәселен, көлік құралдарының жүргізушілері, көлік құралдарын, жүктерді, жолдарды, жол және басқа да құрылғылар немесе материялдық залал келтірілген өзгеде мүлікті зақымдауға әкеп соққан жол жүру қәуіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 610-бабының 1 бөлігі 20-АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде немесе алты ай мерзімге көлік құралын басқаруға құқығынан айыру түрінде жауапкершілік белгіленді. Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігінің санкциясы баламалы болып табылады, бұл соттарға ӘКБтК-нің 55-бабының 3ші-4 бөліктеріне сәйкес, яғни айыпталушының жеке басын, оның мүліктік жағдайын, мән-жайдың жеңіл және ауыр жауапкершілігін ескере отырып, жазалауды тағайындау мүмкіндігі бар екенін білдіреді. Құқық бұзушыны әкімшілік жауакершілікке тарту туралы қаулы алғаннан кейін жәбірленуші сот қаулысымен сақтандыру төлемдерін алу үшін сақтандыру компаниясына жүгінуге құқылы.

Егер құқық бұзушының жауапкершілігі сақтандырылмаған болса, онда жәбірленуші келтірілген залалды азаматтық тәртіппен өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Жол шаруашылығын біліп, ережелерін қатаң сақтау әр азаматтың, көлік жүргізушісінің міндеті. Заң талаптары азаматтардың өмірін сақтау мақсатында құралған құрал болып табылады. Тәртіп жол қозғалысының қауіпсіздігін, жол мен құрлыстардың, сондай-ақ қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары пайдаланудың тәртібін белгілейді. Жол-мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрлыстар кешені болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобильді жолы, шаруашалық автомобиль жолы, қала мен мен елді мекен көшесі. Жол бір немесе бірнеше жүріс бөлігін, тротуларды жол жиектерін және олар болған жағдайда бөлу жолақтарын қамтиды. Қамтылған аймақтың барлығында көлік және жол шаруалық талабы мен тәртібі бар. Жол қозғалысын ұйымдастыруда қажетті өзгерістер мен шектеулер тек қана жол белгілерінің, жол таңбаларының, сигналдар мен бағдаршамдардың және реттеушілердің көмегімен, сондай-ақ қозғалысты реттеуге уәкілетті адамдардың басқарумен ереженің шегінде белгіленген тәртіппен енгізіледі. Ереже талаптарын, бағдаршамның немесе реттеушінің сигналдарын, белгілер мен таңбаларды, сондай-ақ ішкі істер органдар қызыметкерлерінің талаптарын білуге және орындауға міндетті. Жол төсеніштерін бүлдіруге немесе ластауға, қозғалыс үшін кедергі келтіретін жол белгілерін, бағдаршамды және басқа да қозғалысты ұйымдастыру техникалық құралдарын алып тастауға, тасалауға, бүлдіруге, өздігінен орнатуға тыйым салынады. Кедергі келтіретін адам оны жоюдың барлық мүмкін болатын шараларын қабылдуға міндетті, ал ол мүмкін болмаған жағдайда қауіптілік туралы қол жететін құралдармен қозғалысқа қатысушыларға және ішкі істер органына хабарлауға міндетті.

Председатель Специализированного межрайонного суда по административным правонарушениям области Ұлытау Маликұлы Н.

16:22
872

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020