Облысымызда еліміздегі ең ірі шахмат академиясы ашылды

Ашылу салтанатына ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, аймақ басшысы Дастан Рысбеков, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев қатысты.

       Өңір басшысы Дастан Адайұлы аймағымыздан танымал шахматшылар мен ел чемпиондары шығып, облысымызды тек республикалық деңгейде ғана емес, әлемдік аренада да таныстыратынына сенімді екенін жеткізді.

      Аталмыш филиал еліміздегі ең үлкен академия болды. Ғимараттың жалпы ауданы 900 шаршы метр. Мұнда облыстың 5-18 жас аралығындағы 1000-ға жуық жас шахматшы білім алатын болады.

      Айта кетейік, бұл шахмат академиясы Қазақмыс корпорациясы мен Ұлытау облысы әкімдігі арасындағы меморандум аясында салынды.

      Ашылу салтанатына орай KAZAKHMYS YOUTH TEAM CHESS CUP атты алғашқы халықаралық балалар командалық турнирі ұйымдастырылып, жарысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Моңғолиядан келген 100-ден астам жас шахматшы қатысты.

15:10
292

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020