Бірлескен жұмыс жалғасады

Ұлытау облысы әкімдігінде облыс әкімі Д. Рыспеков Түркияның «ACC GROUP» және «MITEK A.S.» компанияларының өкілдерімен кездесті. Тараптар талқысы барысында Жезқазған қаласында жаңа жылу электр орталығын салу жобасының перспективалары мен іске асырылу барысы сөз етілді.

Түркиялық инвесторлар EPCF (инжиниринг, жабдықтау, құрылыс және қаржыландыру) моделі бойынша жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытты. «ACC GROUP» жобаны мемлекеттік кепілдік негізінде қаржыландыруға, сондай-ақ, HSBC, Barclays және UBS BANK Ankara сынды еуропалық және түркиялық қаржы институттарынан қосымша қаражат тартуға дайын екенін білдірді.

Облыс әкімі инвестиция тарту мен халықаралық серіктестікті дамыту өңірдің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Ол Ұлытау облысының табиғи ресурстары мол және жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы даму әлеуеті жоғары екенін және өңірге тұрақты энергиямен жабдықтау үшін жаңа ЖЭО қажет екенін ерекше атап өтті. 

Кездесу соңында қос тарап жобаны қаржыландыру және жүзеге асыру шарттарын нақтылау бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

11:36
276

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020