КАРАНТИН КОРРУПЦИОНЕР АТАНДЫРМАСЫН

Қарағанды облысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейтуде. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңесте ведомство басшысы Денис Шәкенов  мәлім етті .

Карантин кезінде Департамент қызметіндегі басым бағыттардың бірі блок бекеттерде парақорлықтың алдын алу және мемлекеттік сатып алуға жіті мониторинг жүргізу болып отыр.

— Басқа өңірлердің тәжірибесі көрсеткендей, жекелеген мемлекеттік қызметшілер елдегі күрделі жағдайға қарамастан, бөгетсіз шығып, блок бекет арқылы кіргені үшін тұрғындардан пара алған. Бұл бағытта да жұмыс жүргізіп, тәртіп бұзушылар жауапқа тартылатынына сенімдімін, — деді Денис Шакенов.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өз кезегінде әкімдер мен басшыларға өз қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін дербес жауапкершілік қарастырылатыны туралы еске салды. Бұл еліміз үшін күрделі кезеңде сыбайлас жемқорлық қылмыстары мемлекет пен мемлекеттік қызметкерлердің имиджіне үлкен зиян келтіреді, деп атап өтті ол.

Денис Шәкенов, сондай-ақ, егер мемлекеттік мекеменің қандай да бір қызметкеріне қатысты айыптау үкімін шығарса немесе ақталмайтын мән-жайлар бойынша істі тоқтатса, оның тікелей басшысы 10 күн ішінде отставкаға түсуге міндетті болатынын еске салды. Бұл шара министрлер мен олардың орынбасарларына, облыс әкімдері мен олардың орынбасарларына қатысты.

— Полиция департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, қала және аудан әкімдері блок бекетке жұмылдырылған қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қызметтік этика нормаларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, — деді Қарағанды облысының әкімі.

16:26
617

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020