Дүниежүзілік сайлау күніне орай

Дүниежүзілік сайлау күні аясында ағымдағы жылдың 27 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында Жезқазған қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Жезқазған қаласының №5, №10, №4, №1 жалпы білім беретін мектептерінің 11-сынып оқушылары және Жезқазған технология және сервис колледжінің студенттерімен бірқатар кездесулер өткізді.

 «Ұлт болашағы – білімді жастар», «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің дамуы», «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі туралы», «Біз – болашақ сайлаушылар» және «Конституциялық реформа» тақырыптарында ақпараттық сағаттар ұйымдастырылды.

Іс-шара жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, жас сайлаушылардың сайлау туралы ақпараттану деңгейін арттыруға, олардың құқықтық және электоралдық мәдениетін дамытуға бағытталды.

Кездесу барысында болашақ сайлаушылар азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары, сайлау заңнамасының негізгі ұғымдары, сайлау комиссияларының жүйесі, өкілеттіктері және сайлау науқандарын дайындау мен өткізу кезіндегі жұмысы, заң нормалары, сондай-ақ сайлау процесінің негізгі терминдері туралы ақпарат алды.

14:06
284

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020