Бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясында Ұлытау облысының әкімдігі мен «Казцинк» ЖШС компаниясы арасындағы 2025 жылға арналған ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков пен «Казцинк» ЖШС Бас директоры Жанат Жанботин қол қойды.
Аталмыш меморандумға сәйкес, «Казцинк» ЖШС биыл Ұлытау облысындағы Жәйрем кентінде іске асырылып жатқан 10 әлеуметтік жобаны қаржыландырмақ. Әлеуметтің әлеуетін көтеруге арналған жобалар мына салаларды қамтиды: денсаулық сақтау, спорт, инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды абаттандыру. Іске асырылып жатқан жобалардың жалпы құны шамамен 1 млрд теңгені құрайды.
2025 жылға арналған ірі бастамалардың ішінде төмендегілерді атап өтуге болады: спорт кешенінің құрылысы, 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасы аясында сыртқы желілерді орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары, сондай-ақ, қазандық және тұрғын үйлер үшін көмір сатып алу. Сонымен қатар дәрігерлер мен мұғалімдерді қоса алғанда, бюджет саласының қызметкерлері үшін 20 пәтер сатып алу жоспарлануда.
Айта кетейік, Ұлытау облысының әкімдігі мен «Казцинк» компаниясы арасындағы ынтымақтастық 2022 жылдың қараша айында басталған болатын, содан бері аймақтың дамуына және оның тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға оң әсер еткен көптеген жобалар іске асырылды. Бұл әріптестік, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайта отырып, өзінің дамуын жалғасын табады және облыстың тұрақты экономикалық өсуіне жағдай жасамақ.