Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Saryarqa.info Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың Twitter -дегі парақшасыні сілтеме жасап.
«Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыру, сондай-ақ экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі даму шаралары қаралады», — деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы.