27.04.2020 жылғы №16
Карантин жайлы және Қарағанды
облысы аумағында карантин
шараларын жеңілдету туралы
Мен, Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Асқаров Қ.Қ., Қазақстан Республикасында, оның ішінде Қарағанды облысы аумағында жаңа COVID-2019 коронавирусынан туындаған инфекция (бұдан әрі – КВИ) оқиғаларының тіркелуі туралы материалдарды қарастырып, 2020 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимін ұзарту және карантин шараларын жеңілдету туралы мәлімдемесіне сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қарағанды облысы аумағында карантин режимі кәсіпкерлік және (немесе) басқа қызмет түрлеріне және халықтың тыныс-тіршілігіне ерекше жағдайлар анықтау арқылы жалғастырылсын.
2. Қарағанды облысының тұрғындары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 17 наурыздағы №2 шешіміне сәйкес төтенше жағдай режимін сақтауды;
2) осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес қорғану маскаларын кию ережесін сақтауды;
3) аса қажет болмаса жүріп-тұруға, оның ішінде жеке автокөлікті пайдалану арқылы тыйым салуды, келесі жағдайларды қоспағанда:
— қызмет түріне рұқсат етілген ұйымдардың (Жедел әрекет ету орталығының ақпараттар жүйесінде мәліметтер болған жағдайда) қызметшілері тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қайтуды;
— азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды тұрғылықты жерінен немесе жұмыс орнына жақын аумақта, 1,5 км аспайтын радиуста орналасқан (олар болған жағдайда) дүкендер және дәріханалардан сатып алуды;
— жануарларды ұстауға қойылатын ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтай отырып малды жаюды;
— медициналық мекемеге шұғыл жағдайда баруды;
— аса қажет болмаса 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуды шектеуді;
— иттерді елдімекен абаттылығы ережелерін сақтай отырып тұрғын-үй мекенжайынан 500 метрден аспайтын радиуста серуендетуді, сонымен бірге шұғыл жағдайда ветеринарлық клиникаларға бару. Карантиндік подъездегі және үйдегі иттерді ветеринарлық қызметпен келісе отырып уақытша ұстауға берілуіне рұқсат етілсін;
— Қарағанды облысының барлық аумағында саяжай (саябақ учаскелеріне, Теміртау қаласын қоспағанда осы қаулыға 2 қосымшасына сәйкес санитариялық шараларды сақтау арқылы шуғуларын;
— аула іші аумағы шегінде келесі ұсыныстарлы сақтай отырып серуендеуді:
а) серуендеу уақыты сағ. 05.00 бастап 22.00 дейін;
б) қол алыспау, адамдар арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтау, маска кию және антисептиктерді пайдалану;
4) Келесі:
— ересектерсіз 14 жасқа толмаған балалардың жүріп-тұруына;
— отбасы мүшелерін қоспағанда, 5 адамнан астам адамдардың шоғырлануына;
— парктер және скверлердің аумақтарында серуендеуге тыйым салуды.
5) сауда және дәріхана объектілеріне барғанда, сонымен бірге жұмыс орындарында бір-бірінен екі метрден кем емес арақашықтықтың сақталуын;
6) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (түшкіру, жөтелу, температура) білінгенде медициналық ұйымдарға бармастан, 103 номері арқылы жедел медициналық көмекті шақырту арқылы шұғыл түрде үйдегі медициналық көмекке жүгінуді;
7) адамды жерлеу рәсімін өткізу кезінде екі метрден кем емес арақашықтықты сақтай отырып 10 адамнан астам (негізінен алғанда отбасы мүшелері) жиналуына жол бермеуді қамтамасыз етсін.
3. Қоғамдық тамақтану саласындағы (фудкорттар, мейрамханалар, кафе, барлар, асханалар, кулинария, кофехана, тойхана, банкет залдары, донер, лобби барлар, лаундж барлар, тез тамақтану пункттері және т. б.) кәсіпкерлік субъектілері (объектілері), ұйымдасқан ұжымдардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерін, ас блоктарын қоспағанда, санитариялық қауіпсіздік шараларын күшейтсін:
1) жеткізу қызметін немесе өзге де жеткізу қызметтері көмегімен тауарды (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) тұтынушыға дейін тауардың орап-қапталған түрінде жеткізу, қызметін 22.00-ге дейін шектеу арқылы, осы қаулыға 3 қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес жүзеге асыруға;
2) жұмыс кезінде персоналдың бір реттік қолғаптарды және маскаларды (маскаларды 3 сағатта 1 реттен кем емес ауыстырып) пайдалануын қамтамасыз ету;
3) жіті респираторлық инфекцияның (жоғары температура, жөтел, тұмау және т.б.) көріністері бар персоналдың жұмыс істеуіне рұқсат етпеу;
4) қолды өңдеуге арналған санитайзерлердің орнатылуын, оларда ұзақ мерзімді көпфункционалды микробқа қарсы әрекет етуші антисептикалық заттарды қолдануды, немесе бір реттік қолданыстағы қолғаптардың берілуін;
5) жұмыстың әрбір 3 сағатында және жұмыс ауысымы аяқталған соң үй-жайларда желдету және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дезинфекциялау салфеткаларымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) есік тұтқаларын, тұтқыштарды, үстелдер, орындық арқалығын (кресло шынтақ сүйенішін), эскалатор тұтқаларын, баспалдақтар, есіктер, лифтілер, едендер, қолды жуу раковиналарын, жабдықтарды және т.б. сүрту арқылы ылғалды жинау жұмыстарын жүргізуді;
6) объекті маңы аумағын дезинфекциялау құралдарымен күніне 1 реттен кем емес өңдеуді;
7) объектіге кіреберісте дезинфекциялау барьерлерінің (кілемшелер) орнатылуын, оны дезинфекциялау құралдарымен су шашу әдісімен үнемі суландыруды;
8) әр 3 сағат сайын дәретханаларды арнайы дезинфекциялау құралдарымен өңдеу арқылы жинай отырып, күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу;
9) халыққа қызметті ауысымында кемінде екі рет және бүтіндігі бұзылған кезде ауыстыруға жататын бір рет қолданылатын қолғаптармен (аспазшылар, экспедиторлар және тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын басқа да адамдар) көрсету қамтамасыз етілсін.
4. Қоғамдық тамақтану объектілерінің басшылары ұйымдасқан ұжымдарда осы қаулыға 4 қосымшаға сәйкес санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейтсін.
5. Қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлік субъектілері (екінші деңгейлі банктер, пошта бөлімшелері, халыққа қызмет көрсету орталықтары, адвокаттық және нотариалдық кеңселер) осы қаулыға 5 қосымшаға сәйкес санитариялық шараларды күшейтсін.
6. Өнеркәсіптік кәсіпорын субъектілері (объектілері) осы қаулыға 6, 9, 14 қосымшаларына сәйкес санитариялық шараларды міндетті түрде күшейтсін.
Вахтаны ауыстыру кезінде:
— вахтаға басқа облыстардан келгенде вахта басталғанға дейін 10 күн бұрынырақ COVID-19-ға жасалған ПТР диагностикасы нәтижесімен келу;
— вахта әдісімен жұмыс істейтін жұмыскерлердің жүріп-тұруы Жедел әрекет ету орталығының ақпараттық жүйесіне тізім берілгенде және мәліметтер енгізілген жағдайда рұқсат етіледі;
— вахталық кенттерде жұмыскерлердің орталықтандырылып тұруы;
— әр жұмыскерді катаралды көріністердің болуына күнделікті медициналық бақылау және қатынассыз термометрия жүргізілуі;
— катаралды көріністер анықталған жағдайда немесе температура жоғарыласа шұғыл түрде COVID-19 зерттеуге жолдауды;
— COVID-19 зертханалық жолмен расталған жағдайда тез арада эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
7. Ұйымдардың, меншік нысанындағы барлық кәсіпорын басшылары (осы қаулыға 7 қосымшаға сәйкес):
1) қызметшілерді жұмыс орындарын сақталуын қамтамасыз ету арқылы қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру және ақылы демалыстарды беру мәселесін қарастыру;
2) барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып қызметшілердің орналасқан жерлерінен жұмыс орнына жету және кері қайтулары үшін орталықтандырылған тасымалдауды ұйымдастыру;
3) өздерінің қызметкерлері және клиенттердің қауіпсіздіктері, келесі шараларды қолдану арқылы:
— қызметшілерге қолғаптар және бір реттік маскаларды тарату;
— қызметшілермен қолғаптар және бір реттік маскаларды пайдалануды;
— үй-жайларын күніне 2 реттен кем емес ылғалды жинау және дезинфекциялау;
— дүкендер, дәріханалар, медициналық мекемелер және басқа да ұйымдарға кіретін және шығатын жерлерінде санитайзерлердің орнатылуын;
— үй-жайлары ішінде – 20 шаршы метрге 1 адамнан асырмай адамдар санының шектелуін қатаң сақтауды;
— үй жанындағы азық-түлік дүкендеріне және дәріханаларға бір уақытта – 2 адамнан аспай кірулері;
— үй-жайлары ішінде және сырттарында кезекте 5 адамға дейін шектелуін бақылау арқылы қамтамасыз етсін.
8. Қарағанды бөлімшелік көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, санитариялық-карантиндік бақылау бөлімі (бұдан әрі – СКББ), аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары (келісім бойынша):
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында рұқсат ету пунктерінде шетелден келетін барлық адамдарға (оның ішінде ұшқыштар, бортсеріктер, машинистер, жолсерік, жүргізуші, тасымалдаушылар және басқалар) міндетті термометрия жүргізу арқылы санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында рұқсат ету пунктерінде халықаралық әуежайларда, теміржол көлігі және автоөткелдерінде жолаушылар, экипаж мүшелері, бортсеріктер, машинистер және жолсеріктерге сауалнама жүргізілуін;
3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің веб қосымшасына бере отырып бекітілген нысанға сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде сауалнаманы тану жүйесінің деректерін өңдеуді жүргізуді;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында рұқсат ету пунктерінде санитариялық-карантиндік пунктері мамандарының тәулік бойы жұмыс режимін ескере отырып жеке қорғаныш құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) және дезинфекциялық құралдармен жабдықтауды;
5) көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушылар және жолаушылар арасында COVID-19 таралуының профилактикасы және ескерту бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
6) COVID-19-дың таралуының алдын алу жөніндегі көрнекі үгіт парақтарын орналастыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ COVID-19 профилактикасы мәселелері бойынша дауысзорайтқыш байланысы арқылы жолаушыларды ақпараттандыруды;
7) COVID-19-дың әкеліну және әлемде таралу қаупінің жағдайларында Қазақстаннан шығатын Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және шетелден келетін барлық азаматтарға оның профилактикасы мәселелері бойынша жадынамалар таратуды;
8) COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуді;
9) Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша нұсқама жүргізуді қамтамасыз етсін.
9. Аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқарма басшылары:
1) COVID-19-бен науқастарды анықтау:
— үй ошақтарында және жұмыс, оқу орыны, бортты келу рейсын көрсету арқылы жақын байланысты (ЖБ);
— басқа ошақтар, болу орыны (жұмыс, оқу және басқа) және бортты келу рейсын көрсету арқылы ықтимал байланысты (ЫБ) анықтауды;
2) COVID-19-бен науқастардың ошақтарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етсін.
10. Қарағанды облысының қалалық және аудандық әкімдері:
1) Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету Өңірлік жедел штаб шешімдерін орындауды;
2) Қарағанды облысының аумағында күшейтілген шектеу шараларын енгізуді;
3) облыстағы қалалар мен аудандарда тосқауыл бекеттерінің болуын;
4) карантин аймағы ішінде сағ. 22.00-ден бастап 05.00-ге дейін төтенше жағдай әрекет ету мерзімінде құқық қорғау, арнайы қызметтер және медициналық мемлекеттік органдар және ұйымдарды қоспағанда жеке автокөліктердің қозғалысына тыйым салуды;
5) жұмыс берушімен бекітілген тәртіпке сәйкес Жедел әрекет ету орталығының мәліметтер базасына енгізілген тізімге сәйкес көлік, сауда объектілері және қоғамдық тамақтану қызметтерін қамтамасыз ететін ұйымдар және кәсіпорындардың жұмыскерлеріне жұмыс уақыты аяқталған соң сағат 24:00 кешіктірмей баруларына рұқсат етуді;
6) карантинге жұмылдырылған барлық қызметтердің шектеу шараларын жүргізу кезінде биологиялық қауіпсіздіктері режимін, оларды жеке қорғану құралдарымен, қажетті заттармен әрі азық-түлікпен жабдықталуын және жеке басы тазалықтарын сақтау және тосқауыл бекеттерінде шығатын автокөліктерді дезинфекциялық өңдеуді;
7) Қарағанды облысының карантин аймағы периметрін және оған кіру/шығу пунктерін анықтауды және тосқауыл бекеттерін орналастыруды;
8) карантиндік үй-жайларынан (подъездер, провизорлық, инфекциялық, карантиндік бөлімшелер және т.б.) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған жеке контейнерлерін орнатуды. Аталған қалдықтары бар контейнерлерді кейін дезинфекциялау арқылы, ал оларды жою қауіпті медициналық қалдықтарды жоюға қойылатын талаптарына сәйкес жүргізе отырып арнайы көлікпен шығарылуын;
9) қоғамдық көліктің қозғалысын тоқтатуды;
10) кондоминиумды басқару органдарымен бірлесе отырып:
— тәулігіне 2 реттен кем емес подъездерде, лифтілер, паркингтерде профилактикалық дезинфекциялау және ылғалды жинау жұмыстарын жүргізуді;
11) жеке және заңды тұлғалар үшін хабарландыру тақталарында және жалпыға бірдей қолжетімді орындарда шектеулер туралы жадынамалардың орналасуын;
12) Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск, сонымен бірге Бұқар жырау ауданының Доскей, Үштөбе, Көкпекті, Ботақара, Ғабиден Мұстафин атындағы, Петровка елді мекендерінде біріңғай карантин аймағының периметрі белгіленіп және олардан шығу/кіру пунктілері анықталып және тосқауыл бекеттерінің қойылуын;
13) Теміртау қаласының карантин аймағының периметрі және Шахтинск қаласының карантин аймағының периметрі белгіленсін, сонымен бірге карантиндік аймақтың біріңғай периметріне Бұқар жырау ауданының Жаңаөзен елдімекені енгізілсін;
14) Теміртау қаласының аумағында сағат 05.00 бастап 10.00 дейін таңертең және сағат 17.00 бастап 22.00 дейін кешкі уақытта рұқсат етілген қызмет түрлері бойынша (Жедел әрекет ету орталығының ақпараттық жүйесінде мәліметтер болған жағдайда) ұйымдар және кәсіпорындардың жұмыскерлері үшін жеке көлікпен тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қозғалыстары рұқсат етілсін;
15) Теміртау қаласында таңертең сағат 10.00 бастап кешкі сағат 17.00 дейін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, сонымен бірге азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмек препараттарын, медициналық бұйымдар және бірінші қажеттілік заттарын жеткізу қызметінің жұмыскерлеріне жеке автокөлікпен жүруге, такси қызметтеріне, пошта, курьерлік, жүк тасымалына (Жедел әрекет ету орталығының ақпараттық жүйесінде мәліметтер болған жағдайда) рұқсат етілсін;
16) аула іші балалар алаңдары және олардың маңы аумақтарында, оның ішінде тұрғындар үшін техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып барлық жабдықтарға дезинфекциялық өңдеу күн сайын өткізуді;
17) меншік түріне қарамастан саябақтар, скверлер, балалардың ойын алаңдары, жеке және заңды тұлғалар объектілерінің (оның ішінде филиалдар мен өкілеттіліктер) қызмет түрлерін тоқтатуды, осы қаулыға 6 қосымшада көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларды дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базалардың қызметтерін қашықтықтан жүргізуді:
18) ақысыз медициналық кепілді көмек көлемін көрсету жүйесінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, алдын ала медициналық тексеру және жедел стоматологиялық көмек көлемінде дәрігерге дейінгі медициналық көмек саласында қызмет көрсететін ұйымдарды қоспағанда, барлық медициналық ұйымдардың тоқтатылуын қамтамасыз етсін.
11. Теміртау қаласының әкімі (Әшімов Ғ. Ә.), Полиция департаменті (Файзуллин Е. Ж.) Теміртау қаласының біріңғай карантин аймақтары шегінде алғашқы қажеттілік азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар және құралдарды жеткізу қызметі курьерлеріне жеке автокөлікпен қозғалу ретін әзірлеу және уақытша рұқсат етуді.
12. Қарағанды облысының қалалық және аудандық әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар келесілердің енгізілуін және орындалуын бақылауды:
1) COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Қарағанды облысының карантин аймағынан/аймағына адамдардың кіруі-шығуларына тыйым салынуын;
2) мемлекеттік органдарда және ұйымдарда қызметшілердің жеке қатысуларымен азаматтарды жеке қабылдауларын, жиналыс, семинарлар және т.б., шұғыл шешімдерді қабылдауды талап етуші жағдайларды қоспағанда, өткізулеріне тыйым салуды;
3) денсаулық сақтау ұйымдарында, медициналық жедел көмек көліктерінде, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тексеру кезінде, байланыста болғандар және науқастар арасында сауалнама алу және анықтау жұмыстарын өткізу барысында аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды;
4) бұқаралық іс-шараларды (отбасылық, естелік, мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салуды;
5) азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды сататын объектілер сағат 08.00 бастап 22.00-ге дейін жұмыс жасауды (14 қосымша);
6) медициналық көрсетілімдер бойынша сапарды қоспағанда, COVID-19 бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуға тыйым салуды;
7) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын;
8) барлық әкімшілік ғимараттарда, адамдар көп жиналатын объектілерде, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, моншаларда, авто және теміржол вокзалдарында, әуежайларда, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді (ғимараттарға (үй-жайларына) кіреберісте дезинфекциялау барьерлерін, қолды өңдеу үшін санитайзерлерді орнату, күніне екі реттен сиретпей беттерді өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды тазалау, желдету);
9) әрбір рейстің (айналым) алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, теміржол және автовокзалдарды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне екі реттен кем емес), жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерін, олардың таяныштарын қоса алғанда, көшедегі спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен сәкілерді, жаппа орындарын, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды, қоғамдық пайдалану орындарын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді;
10) азық-түлік базарларын аптасына 2 рет, жаяу жүргіншілер жолдары, жаяу жүргіншілер жолдарын, жолдарды және оларға жақын орналасқан аялдама кешендерін, жол қиылыстарын, сыртқы элементері және сауда алаңдары учаскелерін (азық-түлік дүкендері), шағын сәулет нысандары, подъездер мен тұрғын-үй кварталдарының аула аумақтары, жаяу жүргіншілер жер асты жолдары, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, теміржолдар және автовокзалдар маңы аумақтарында, автомобиль жолдары және базарлардың аумақтары маңын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді;
11) COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша халықты үнемі ақпараттандыруды, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды;
12) діни мақсаттағы нысандардың жұмысы тоқтатылсын, уәкілетті адамдармен діни рәсімдерді шектелген адам санымен (5 адамнан асырмай бір-бірінен екі метр кем емес қашықтықты, маска режимін және дезинфекциялау шараларын күшейту арқылы) өткізулерін қоспағанда және онлайн-көрсетілім режимінде өткізуді.
13. Қызмет көрсету саласындағы субъектілердің басшылары (кір жуу, химтазарту) санитариялық шараларды осы қаулыға 8 қосымшаға сәйкес күшейтсін.
14. Техникалық қызмет көрсету станцияларының, автожуу, дөңгелек жөндеу шеберханаларының басшылары санитариялық шараларды осы қаулыға 9 қосымшаға сәйкес күшейтсін.
15. Автокөлік салондарының басшылары санитариялық шараларды осы қаулыға 10 қосымшаға сәйкес күшейтсін.
16. Тұрмыстық техниканы және электрондық тауарларды, тұрмыстық химия, жануарларға арналған тауарларды, қосалқы бөлшектерді және материалдарды жеткізу қызметтерін көрсету салаларындағы суьъектілердің басшылары санитариялық шараларды осы қаулыға 11 қосымшаға сәйкес күшейтсін.
17. Сервистік қызмет көрсету: картридждерді толтыру, тұрмыстық техника, банкоматтар, терминалдар және т.б. объектілерінің басшылары санитариялық шараларды осы қаулыға 12 қосымшаға сәйкес күшейтсін.
18. Құрылыс материалдарын, көшет материалдарын (тұқымдар, тыңайтқыштар және т.б.) сату қызметтерін жүзеге асыратын ұйымдар және жеке кәсіпкерлер және ауыл шаруашылығы өнімдері сервисі санитариялық шараларды осы қаулыға 13 қосымшаға сәйкес күшейтсін.
19. Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын кәсіпорын және ұйымдардың басшылары санитариялық шараларды осы қаулыға 14 қосымшаға сәйкес күшейтсін.
20. Қарағанды облысының қала және аудандары әкімдері, Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (Халтонов А.И.), әуежайлары, теміржолдары, автовокзал, автостанциялар басшылары:
1) әуежайлар, теміржол, автовокзалдар, автостанцияларда санитарлық авиация, арнайы рейстер, жүк, пошта тасымалдары және экипажы ауысатын техникалық тосқауылдарды қоспағанда жолаушылар тасымалы тоқтатылуын;
2) облысаралық, қалааралық, қала маңы, ауданіші, ауданаралық жолаушылар тасымалдарының тоқтатылуын қамтамасыз етсін.
21. Қарағанды облысының қала және аудан әкімдері, кәсіпкерлік субъектілері:
1) осы қаулыға 15 қосымшаға сәйкес азық-түлік сауда объектілерінде санитариялық және дезинфекциялау шараларын күшейтуді;
2) Президент Жарлығының және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулыларын мүлтіксіз орындалуын;
3) меншік түріне қарамастан саябақтар, скверлер, балалардың ойын алаңдары, жеке және заңды тұлғалардың объектілері (оның ішінде филиалдар мен өкілеттіліктер) осы қаулыға 7 қосымшада көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, жұмыстарын тоқтатуды, Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларды дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада Комитетінде аккредиттелген спорттық базалар қызметтерінің қашықтық режимінде жұмыс жасауын қамтамасыз етсін.
22. Қарағанды облысының полиция департаменті (Файзуллин Е.Ж.):
1) Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша Өңірлік жедел штабымен бекітілген жайттарды қоспағанда, Қарағанды облысының карантин аймағынан/на адамдардың келуі/шығуларына жол бермеуді;
2) карантин режимін және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген талаптарды бұзған адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолдануды;
3) COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды карантиндеу және провизорлық емдеуге жатқызу орындарын күзетуді;
4) азаматтармен үй карантині режимін көшеге шығу құқығынсыз, ұялы байланысы құралдары арқылы тексере отырып бақылауды;
5) облыс әкімдігі жанындағы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету Өңірлік жедел штаб ұсынысы бойынша науқастар және қатынаста болған адамдар тұратын тұрғын-үй кварталдарына тосқауыл қоюды;
6) Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) және/немесе аумақтық ТКҚСҚББ ұсынымдарына сәйкес COVID-19 науқастарымен байланыстағыларды іздеуді;
7) Департаменттің және/немесе аумақтық ТКҚСҚББ ұсынымдарына сәйкес байланыста болған адамдарды провизорлық және карантиндік стационарларда оқшаулауды;
8) респираторлық инфекцияларының клиникалық белгілері бар адамдар анықталғанда аумақтық ТКҚСҚББ тәулік бойы телефондары арқылы шұғыл түрде ақпараттауды;
9) провизорлық және карантиндік стационарларды оқшаулау және қорғаудың күшейтілуін;
10) көшелерді, қоғамдық орындарын, саябақтарды, скверлерді және т.б. енгізілген шектеулер сақталуына тәулік бойы патрульдеуді;
11) саяжай шаруашылығы жоқ тұрғындарыдың жаппай жиналуларын (сейл құру, аңға шығу, балық аулау және басқасы) ұйымдастыруларын болдырмау мақсатында жаппай жиналу орындарын (скверлер, саябақтар, орман отырғызу аймақтарында, су қоймалары және басқасы) патрульдеуді қамтамасыз етсін.
23. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы (Нұрлыбаев Е. Ш.):
1) провизорлық, инфекциялық және карантиндік бөлімшелерде жұмыс істейтін медициналық қызметшілердің және қызмет көрсетуші персоналдың жеке қатысуларымен қандай да болмасын жиналыстар, семинарлар және т.б. өткізулеріне тыйым салуды;
2) COVID-19 бойынша анықталған науқастарды және жақын байланыста болған адамдарды инфекциялық стационарларға шұғыл оқшаулауды;
3) COVID-19-ға клиникалық белгілері бар адамдарды ерте анықтау және оқшаулау мақсатында ішкі карантин аймақтарын бөлек тексеруді;
4) «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ (Досмағамбетова Р.С.) бірлесе отырып медициналық ЖОО-ның жоғары курс, резидентура және интернатура студенттерін ерікті негізде (волонтер) тартылуын;
5) ішкі карантинге жатқызылған (инфекция ошақтарында оқшаулау, үй карантині және өзін-өзі оқшаулау) қызметкерлерге уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын беруді;
6) аумақтық ТКҚСҚББ науқастарды және байланыста болған адамдарды ауруханаға жатқызу туралы шұғыл түрде ақпараттау;
7) Департаментке 2 сағат ішінде науқастарды және байланыста болған адамдарды ауруханаға жатқызу туралы мәліметтердің (аты-жөндерін, медициналық ұйымдар бойынша) ұсынылуын;
8) ПТР әдісімен зертханалық тексеру:
— респираторлық белгілері (ЖРВИ, пневмония) бар емдеуге жатқызылмаған науқастар;
— респираторлық белгілері бар медициналық қызметкерлер;
— жедел жәрдем, БМСК, стационарлардың қабылдау бөлімдерінің медициналық қызметкерлері айына 1 рет және одан кейін клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша;
— тыныс алу органдарының ауыр созылмалы түрлерімен диспансерлік есепте тұрған адамдар;
— қарым-қатынас фактісін анықтау кезінде науқастармен ықтимал байланыстар қатарындағы адамдар;
— эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан автоөтпе жолдардағы және темір жолдағы Мемлекеттік шекараны өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар;
— коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға қатысатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
— эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша карантиндік аймақтардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар қызметкерлері (коммуналдық қызметтер, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді сататын сауда объектілерінің, жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілерінің, көліктің, ПИК, дезинфекция қызметін көрсететін және т. б. қызметкерлері);
— медициналық-әлеуметтік мекемелердің (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және т. б.) қамқорлығындағы адамдар мен қызметкерлері бір рет, кейіннен клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша;
— уақытша ұстау изоляторларына, тергеу изоляторларына әкімшілік ұсталғандар үшін арнайы қабылдау орындарына орналастырылатын адамдарға (Қарағанды облысының ҚАЖД ұсынылған тізіміне сәйкес 2020 жылғы 18 сәуірдегі жағдай бойынша тергеу изоляторындағы адамдарға тексеру жүргізу);
9) тестілеудің нәтижелері туралы Департаментке дереу хабарлауды;
10) COVID-19-ға оң нәтиже берген адамдар және байланыста болғандар жатқызылған стационарларда медициналық қызметкерлердің және қызмет етуші персоналдың жиналыстарға, семинарларға және т.б. қатысуларына тыйым салуды;
11) тосқауыл бекеттерінде Қарағанды қаласына келетін және қаласынан шығатын адамдарға, Департаментке мәліметтерді күн сайын беру арқылы қатынассыз термометрия және сауалнама жүргізуді;
12) провизорлық және карантиндік бөлімшелер орналасқан типтік емес объектілерде медперсоналға санитариялық-тұрмыстық жағдайлардың, санитариялық тораптар болмаған жағдайда биодәретханалар қарастырылуын;
13) провизорлық, инфекциялық және карантиндік бөлімшелер (ауруханалар) аумақтарынан шығатын автомобиль көліктерінің дезинфекциялық өңделуін;
14) науқастарға арналған тамақ өнімдерінің бір реттік контейнерлерде жеткізілуін;
15) Департаментке мәліметтерді күн сайын бере отырып, карантин аумақтарынан/на келетін және шығатын адамдардың тосқауыл бекеттерінде қатынассыз термометрия және сауалнамамен қамтылуын;
16) пневмониясы бар және ЖРВИ ауырған науқастарды коронавирустық инфекцияға уақтылы тексеру;
17) коронавирусты диагностикалау, емдеу және таралуын болдырмау іс-шараларына қатысатын барлық қызметтің қызметкерлерін ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу;
18) қашықтықтан кеңес беруді пайдалана отырып, емханада келуді барынша қысқартуды;
19) орташа деңгейдегі алкоголдік мастанған адамдарды айыққанға дейін Уақытша оңалту және уытсыздандыру орталықтарына жатқызуларын уақытша шектеуді қамтамасыз етсін.
24. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы, Қарағанды облысының полиция департаменті:
1) облыстың автомобиль жолдарында санитариялық бекеттердің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету, температурасы бар адамдарды анықтау үшін тепловизорларды қолдану және оларды оқшаулауды;
2) емделуден және медициналық бақылаудан бас тартатын науқастарды және байланыста болған адамдарды іздеу шараларын қабылдасын.
25. Барлық жеке меншік түріндегі медициналық ұйымдардың басшылары:
1) провизорлық, инфекциялық және карантиндік стационарларда COVID-19 медициналық көмек көрсетуге тартылған медициналық қызметкерлердің жұмыс ауысымын 6 сағатқа дейін қысқартуды;
2) карантин кезінде МСАК бекітілген тұрғындардың (науқастардың диспансерге алынуы, профилактикалық тексерулер және иммундауды, флюорографиялық тексерулер жүргізуді, денсаулық және босануға дайындық мектептерін жүргізуді, скринингтік тексерулерді жүргізуді уақытша тоқтатуды) келуін барынша шектеу;
3) ЖРВИ және тұмау белгілері кезінде жүкті әйелдерге және балаларға алғашқы кезектегі және күн сайынғы бақылауды қамтамасыз етсін;
4) шектеу шаралары бойынша ақпараттық-түсінік беру жұмыстарын белсенді жүргізуді;
5) медициналық ұйымдардағы сүзгілер және оқшаулағыштардың жұмыстарын қатаң бақылауға алсын;
6) COVID-19-ға күдік туындаған жағдайда іс-қимыл жоспарын іске қосу, COVID-19-ға күдікті науқастарды тексерумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлері мен персоналдың жоғары дәрежелі қорғаныш маскаларын немесе респираторларды пайдалануын қамтамасыз ету;
7) тамақ өнімдеріне арналған орама ыдыстарды дезинфекциялау құралдарын пайдалану арқылы өңделуін;
8) ықтимал қатынастар санындағы адамдардың медициналық бақылауға уақтылы алынуын қамтамасыз етсін.
26. Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемі жүйесінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде, сонымен бірге алдын ала медициналық тексеру көлемінде дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін, шұғыл стоматологиялық көмек көрсететін медициналық мекемелердің және зертханалардың басшылары:
1) объектіге кіргенде (өткізу пунктінде) қатынассыз термометрия (пирометрлерді) қолдану арқылы пациенттерге, қызметкерлерге термометрия жүргізуді;
2) объектіге кіреберісте дезинфекциялау барьерлерінің (кілемшелер) орнатылуын, оны дезинфекциялау құралдарымен сулау әдісімен үнемі суландыру;
3) дезинфекциялау режимін күшейту: әр 3 сағат сайын үстелдер, орындықтар, баспалдақтар, есіктер, едендердің және келушілердің қолдары жанасуы мүмкін басқа да беттерді арнайы дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;
4) объектілерде тұрақты түрде желдету, әр пациенттен кейін дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы медициналық құрал-жабдықтардың («шартты лас» аймақта, өңдеуден кейін «таза аймаққа» ауыстырылып) өңделуі;
5) жіті респираторлық инфекцияның (жоғары температура, жөтел, тұмау) көріністері бар персоналды жұмыс істеуіне рұқсат бермеуді;
6) кіреберісте қолды өңдеуге арналған санитайзерлердің орнатылуын, оларда ұзақ мерзімді көпфункционалды микробқа қарсы әрекет етуші антисептикалық заттардың қолданылуын, немесе бір реттік қолданыстағы қолғаптардың берілуін;
7) жинау жұмыстарымен айналысатын персоналға бір реттік қолғаптардың, маскалардың берілуін және уақытылы ауыстырылуын;
8) объекті маңы аумағын дезинфекциялау құралдарымен тәулігіне 1 реттен кем емес өңделуін;
9) келушілерге арналған коронавирустың алдын алу бойынша жадынамалардың таратылуын;
10) коронавирустың профилактикасы және объектіде қабылданып жатқан шаралар бойынша ақпараттарды аудио- және бейнежазу құралдарының көмегімен трансляциялауды;
11) жоғарыда аталған тармақтардың сақталуын қамтамасыз етуші жауапты қызметкерлерді бекітуді;
12) COVID-19-дың профилактикасы және таралуын ескерту бойынша қызметкерлер арасында нұсқаулық беруді және түсіндіру жұмыстарын өткізуді;
13) қабылдау тек қана алдын ала жазылу арқылы жүргізілуін;
14) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 09 сәуірдегі №32 қаулысының талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
27. Қарағанды облысының білім басқармасы, қала және аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып:
1) барлық орта білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға (техникалық мүмкіндік болған жағдайда барынша көшіруді қамтамасыз ету арқылы) көшіруді;
2) төтенше жағдайдың қолданылуы кезінде оқушылардың экскурсиясына тыйым салуды қамтамасыз етсін;
3) орта мамандандырылған және жоғары білім беретін барлық ұйымдарының қашықтықтан оқытулары жалғастырылсын.
28. Қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті (Г. А. Такешев), «Орталық» РММ (Е. С. Ботаканов), «Астана» РММ (М. М. Кучекбаев) карантиндік аймаққа кіру және шығу бойынша трафикті азайту мақсатында қызметкерлердің жеке автокөліктерін пайдалануын барынша азайта отырып, қызметкерлерді казармалық режимге (палаткалы қалашықтарға орналастыруға дейін) ауыстыру мәселесін қарастыруды қамтамасыз етсін.
29. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры (Т. Н. Хамитов):
1) COVID-19-ға зертханалық зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз етсін:
— СОVID-19 күдікті провизорлық стационарға жатқызылған адамдар (респираторлық белгілері бар; IgM оң экспресс тест);
— ЖРВИ және пневмониямен емдеуге жатқызылған науқастар;
— келіп түскен кезде және шығатын кезде жақын қарым-қатынаста болғандарға жатқызылған адамдар;
— шетелден әуе рейсімен келетін, карантиндік стационарға орналастырылған адамдар;
— COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медициналық қызметкерлер (карантиндік объектілер, провизорлық, инфекциялық стационарлар, ПТР диагностикасын жүзеге асыратын зертханалық мамандар, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері) 2 аптада 1 рет;
— әкімшілік ұсталғандар үшін арнайы қабылдау орнына уақытша ұстау изоляторларында орналастырылған, тергеу изоляторларына жабылған адамдарға (2020 жылғы 18 сәуірге сәйкес тергеу изоляторларында болған адамдарға Қарағанды облысының ҚТЖКД ұсынылған тізім бойынша тексеру жүргізуді);
— тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша;
2) тестілеу нәтижелері туралы шұғыл түрде Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тез арада хабарлауды;
3) COVID-19 ошақтарында дезинфекциялау өткізілуін қамтамасыз етсін;
4) Қарағанды облысы полиция департаментінің және Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің медициналық қызметкерлерін даярлауды және COVID-19 зертханалық зерттеулерге материалдарды тасымалдауды жүргізуді қамтамасыз етсін.
30. Қарағанды облысы полиция департаменті (Е.Ж.Файзуллин) және Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (Г. А. Такешев):
1) осы қаулыға 16-қосымшасына сәйкес пенитенциарлық жүйе (қылмыстық-атқару жүйесі) мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін;
2) COVID-19-да зертханалық тексеруге материалды іріктеу және тасымалдау бойынша медициналық қызметкерлері арасынан жауапты адамды белгілесін;
3) тергеу изоляторларына жіберу кезінде әкімшілік-ұсталғандар үшін арнайы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына орналастырылатын адамдардан COVID-19 материалын іріктеуді және тасымалдауды (Қарағанды облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен ұсынылған тізіміне сәйкес 2020 жылғы 18 сәуірдегі жағдай бойынша тергеу изоляторындағы адамдарға зертханалық тексеру жүргізу үшін) қамтамасыз етсін;
4) COVID-19 зертханалық диагностиканы қатаң түрде жоғарыда көрсетілген контингентке жүргізуді;
5) Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің электрондық мекенжайына ПТР әдісі арқылы зертханалық зерттеу жүргізуге жіберілген адамдардың аты-жөні көрсетілген тізімін ұсынуды қамтамасыз етсін;
6) адамдарды жіберу, материалды іріктеу және тасымалдау жауапкершілігі Қарағанды облысы полиция департаментінің және Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің медициналық қызметтердің басшыларына жүктелсін.
31. Медициналық-әлеуметтік объектілердің басшылары (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқасы) осы қаулының 17 қосымшасына сәйкес санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтсін.
32. ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, оның ішінде ҚР ҰҚК шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары осы қаулының 18 қосымшасында көрсетілген талаптардың орындалуын қамтамасыз етсін.
33. «Карантин жайлы және Қарағанды облысы аумағында карантин шараларын күшейту туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі №12-қ, «Қарағанды облысы аумағында карантин кезіндегі діни мақсаттағы нысандардың жұмысы туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі №13-қ қаулысын, «Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі №12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №15-қ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
34. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
35. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ. Қ. Асқаров