Еңбек – адам өмірінің мәні мен тіршілігінің негізі

    Еңбек арқылы адам өз өмірін жақсартады, қоғамға пайда әкеледі және тұлғалық қасиеттерін дамытады.          Еңбексүйгіш адам – елдің тірегі, ұлттың мақтанышы. Еңбек адамы дегеніміз – өз ісіне адал, жауапкершілігі мол, еңбекқор жан. Олар ауыртпалыққа мойымай, табандылықпен жұмыс істейді. Мысалы, ауыл шаруашылығында еңбек ететін дихандар мен малшылар, зауыттағы жұмысшылар, құрылысшылар – бәрі де қоғамның дамуына зор үлес қосып жүрген еңбек адамдары. 

      Қазақ халқында «Еңбек түбі – береке» деген даналық сөз бар. Бұл сөз еңбекпен ғана жетістікке жетуге болатынын білдіреді. Шынында да, адал еңбек еткен адамның өмірі нұрлы, болашағы жарқын болады. Еңбек адамның бойында төзімділік, сабырлылық, жауапкершілік сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Мұндай адамдар әрқашан сый-құрметке ие болады.        Еліміздің өркендеуі де осындай еңбекқор азаматтардың арқасында жүзеге асады.Қорытындылай келе, еңбек – өмірдің өзегі. Еңбек адамы – елдің байлығы мен мақтанышы. Біз осындай жандардан үлгі алып, еңбек етуден жалықпауымыз керек.

Сәуле Рашидова.

12:14
204

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020