Қарағанды облысында сервистік полиция пайда болады. Бұл – өңірдегі полицияның жұмыс принципін өзгертетін пилоттық жоба. Ол құқық қорғау жүйесін адамдарға жақындату және полиция қызметкерлеріне деген сенімді көтеруге септігін тигізеді деп жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.Сервистік полицияға тек құқыққорғаушылар ғана емес, дәрігерлер, педагогтар мен әлеуметтік қорғау қызметкерлері кіретін болады. Олар қаланың криминогендік жағдайын зерттейтін болады. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды толғандырған мәселелер туралы біліп, әрі қарай мәселелерді шешу үшін іс-шаралар жоспарын анықтайды.Ұлыбританияда және басқа еуропалық елдерде полиция жұмысының моделі негізге алынды. Онда қызметкерлер қоғамдық пікірге сүйеніп, жергілікті қоғамдастықтармен, құқық қорғаушылармен, БАҚ-пен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Жаңа форматтағы полиция жұмысы сервистік функцияларды көздейді. Басты міндет – қайғыға тап болған адамға көмектесу.Жоба аясында әкімдік жанынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ құрылады. Оның негізгі мақсаты — проблемаларды тез шешу болып табылады. Бұл топ билік пен полиция өкілдеріне талдау деректерін ұсынуы тиіс. Олар негізгі проблемаларды анықтап, қорытынды шешімдерді анықтайтын болады.Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдегі пилоттық жобаның жүзеге асырылуы талқыланды. Оған Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, ҚР ІІМ Министрінің орынбасары Алексей Калайчиди, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің басшысы — елші Дьердь Сабо және ЕҚЫҰ трансұлттық қауіп-қатерлер департаментінің полицей қызметінің стратегиялық мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Ги Вине қатысты.Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысы – сервистік полицияның пилоттық жобасы іске қосылатын Қазақстандағы алғашқы облыс екенін атап өтті.- Бұл іс-шара Елбасы мен Мемлекет басшысының полиция мен қоғам арасында әріптестік қарым-қатынас құру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылады. Әкімдік тарапынан жобаға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Біз үшін бұл ЕҚЫҰ тарапынан үлкен сенім білдірілуінің белгісі. Біз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық тәжірибені енгізуге мүмкіндік алдық, — деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.- Біздің пилоттық жоба Қарағанды облысында бірінші болып енгізілгеніне қуаныштымын. Бұл жерде Қазақстанның зияткерлік, еңбек және экономикалық тірегі тарихи қалыптасқан. ЕҚЫҰ тарапынан біз саяси жұмысқа қоғамдық-бағдарлы көзқарасты енгізуге ықпал етеміз. Стандарттар мен әдістерді әзірлейміз. Біз айтып отырған қауіпсіздікті қамтамасыз етуге сервистік көзқарас тұжырымдамасы жергілікті қоғамдастық проблемаларын шешуге жәрдемдесуі тиіс, — дейді ЕҚЫҰ елшісі Дьердь Сабо.Ол қылмыс – ең алдымен әлеуметтік құбылыс екенін атап өтті. Халықтың қолдауынсыз бірде-бір салада, оның ішінде қоғамдық тәртіпті сақтауда да жетістікке жету мүмкін емес.- Жүргізіліп жатқан реформа аясында біз ең үздік шетелдік тәжірибені барынша зерттеуге тырыстық. Біздің бірлескен күш-жігерімізді қарағандылықтар дұрыс қабылдайды деп үміттенемін. Жақын арада сіздердің тәжірибелеріңізді еліміздің басқа өңірлеріне жеткізе аламыз, — деп атап өтті ҚР ІІМ Министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.