27 млрд теңге үнемделді

Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы 27 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Президент көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру барысы, оның ішінде мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру механизмін енгізу мәселесі қаралды.

Жобаны толық енгізу осы жылдың 1 тамызына жоспарланған.

Қазіргі таңда жобаға 2,3 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым қатысуда және 276,5 мың балаға ваучерлер берілді.

Өткен жылы жоба Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында сынақтан өтті, ал ағымдағы жылдың басынан бастап Астана қаласының балабақшалары, наурыз айынан бастап Қарағанды, Семей, Өскемен, Жезқазған қалалары және Жамбыл облысының Байзақ, Түркістан облысының Сарыағаш аудандарының балабақшалары жобаға қосылды.

Ваучерлік жүйе артықшылықтары:

Біріншіден, мектепке дейінгі ұйымдардың қолжетімділігі. Бұрынғыдай конкурс негізінде емес, білім басқармалары мемлекеттік тапсырысқа өтінім беріп, белгіленген талаптарға сай келетін балабақшалардан Тізімді қалыптастырады.Екіншіден, әділдік. Ата-аналар мемлекеттік ваучер алады және оны тізімге енгізілген кез келген балабақшада қолдана алады. Бұл ата-аналарға таңдау еркіндігін береді және балабақшалардың көрсетілетін қызмет сапасын арттыруына серпін болады.Үшіншіден, сапаны бақылау. Балабақшалардың қызметін бағалауға деген жаңа көзқарас енгізілді. Білім беру сапасын енді ата-аналар бағалайды, бұл субъективтілікті жояды және қызмет сапасын арттырады. Сонымен қатар, жоба нарыққа жаңа қатысушылардың келуіне жол ашады, бұл бәсекелестікті арттырып, сапаны едәуір жақсартады.Төртіншіден, ашықтық. Қаражат енді балаға байланысты бөлінеді. Жергілікті органдардың әр балабақшаға мемлекеттік тапсырыс көлемін бекітуі жойылды. Бала бір балабақшадан екіншісіне ауысқанда, ваучер де бірге ауысады.Бесіншіден, бюджет қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдалану. Қаржыландыру мектепке дейінгі ұйымдарға балалардың нақты баруына байланысты жүзеге асырылады, бұрынғыдай тізім бойынша емес.

Жаңа жүйенің тиімділігін пилоттық жобаның алдын ала қорытындылары растады. Пилоттық жоба жүзеге асырылған қалаларда кезек айтарлықтай қысқарды, ал кейбір қалаларда (Тараз, Түркістан, Орал) балабақшаға кезекте тұрған барлық балалар орналастырылды.

«Өлі жандарды», қайталанған және бірнеше балабақшада тіркелген балаларды алып тастау есебінен жобаны іске асыру басталғалы 27 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді.

Осы үнемделген қаражаттың 25 млрд теңгесі бұрын кезекте тұрған балаларды орналастыруға, ал 2 млрд теңгесі жаңадан кезекке тұрған, 2 жасқа толған балаларға бағытталды.

Кездесу барысында Шымкент және Қарағанды қалаларындағы кезек мәселелері қаралды. Сондай-ақ Ұлытау облысының әкімдігіне кәсіпкерлермен жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды ашу бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды, бұл кезекте тұрған балаларды қамту мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

____________________________

27 миллиардов тенге позволил сэкономить пилотный проект ваучерного финансирования детсадов

На совещании в Администрации Президента под председательством Помощника Президента РК Тамары Дуйсеновой рассмотрен ход реализации Послания Главы государства (от 2 сентября 2024 года) в части внедрения механизма ваучерного финансирования в дошкольном образовании.

Полное внедрение проекта запланировано к 1 августа текущего года.

В настоящее время в проекте участвуют более 2,3 тысяч дошкольных организаций и ваучеры реализованы в отношении 276,5 тысяч детей.

В прошлом году апробация проведена в 4 городах (Тараз, Шымкент, Туркестан и Уральск), с начала текущего года подключились дошкольные организации города Астана, а с марта проектом охвачены детские сады городов Караганда, Семей, Усть-Каменогорск, Жезказган и 2-х районов: Байзакского района Жамбылской области и Сарыагашского района Туркестанской области.

Ваучерная система обеспечит:

во-первых, доступность дошкольных организаций. Управления образования регионов не отбирают на конкурсной основе как ранее, а формируют Перечень детских садов из числа организаций, подавших заявку на госзаказ и соответствующих установленным требованиям;во-вторых, справедливость. Родители получают государственный ваучер, который могут использовать в любом детском саду, включенном в утвержденный Перечень. Это дает родителям свободу выбора и создает мощный стимул для детских садов к повышению качества предоставляемых услуг;в-третьих, контроль качества. Важнейшее изменение — это переосмысленный подход к оценке работы детских садов. Непосредственно родители будут оценивать качество образовательных услуг, что исключает субъективизм и повышает общий уровень услуг. Более того, проект открывает двери для новых участников рынка, что позволяет создать здоровую конкуренцию и значительно улучшить качество;в-четвертых, прозрачность. Деньги теперь привязаны к ребенку. Исключен функционал у местных органов по утверждению объема госзаказа в отношении каждого садика. Соответственно, при переходе ребенка из одного детского сада в другой, ваучер переходит за ним;в-пятых, адресность и эффективность расходования бюджетных средств. Финансирование дошкольных организаций осуществляется по факту посещения детьми дошкольных организаций, а не по списку как ранее.

Эффективность новой системы подтвердили предварительные итоги пилота. Очередь в пилотных городах значительно снижена, а в отдельных городах вопрос обеспечения очередников местами в детских дошкольных учреждениях решен полностью (гг. Тараз, Туркестан, Уральск).

За счет исключения «мертвых душ», приписок и дублирования детей в списках в нескольких детских садах, сумма полученной с начала реализации проекта экономии превысила 27 млрд. тенге.

Из сэкономленной суммы 25 млрд. тенге были направлены на размещение детей, ранее состоявшихся в очереди, а 2 млрд. тенге — на детей, только встающих в очередь и достигших 2 лет.

В ходе встречи были рассмотрены проблемные вопросы очередности в городах Шымкент и Караганда, а также было дано поручение акимату области Ұлытау провести работу с предпринимателями по открытию новых дошкольных организаций, что позволит решить вопрос охвата детей, состоящих в очереди.

20:39
159

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020