​Авторлық құқық түсінігі

Авторлық құқық түсінігінде авторға тиесілі шығармашылық еңбек нәтижесінде пайда болған ғылыми, мәдени және әдеби өнертабыстар, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар жатады.

Авторлық құқық және авторлық құқык объектілері бірнеше категорияларға бөлінеді:

Мүліктік және мүліктік емес авторлық құқықтар. 

Айрықша және айрықша емес авторлық құқықтар. 

Өнер туындыға айрықша құқығы бар адамдар оны жеке-дара қолдануға құқылы және басқа адамдардың өнертабысты қолдануына тыйым сала алады. Өнертабыстың авторы, өз құқығын үшінші тұлғаға бермесе (айрықша қүқыктарын беру туралы авторлық келісім-шарт жасамаса), айрықша құқыққа ие болады.

Өнертуындыға айрықша емес құқығы бар тұлғаға және осындай әдіспен аталған өнертуындыны қолдану үшін рұқсат алған басқа да тұлғаларға, өнертуындыға айрықша құқығы бар тұлғамен бірдей қолдануына құқығы бар. Егер шартта өзгеше көзделмесе, авторлық келісім-шартпен берілген құқықтар айрықша емес деп саналады.

Мүліктік емес авторлық құқық ол жеке құқық болғандықтан, онымен мүліктік құқық сияқты: сатуға, сатып-алуға, сыйлауға, мұралық етуге жасауға болмайды.

Авторлық құқық зияткерлік меншікті қорғайтын нысанның бірі, ғылым, мәдениет және өнер туындыларын жасаудағы және қолданудағы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Авторлық құқық автордың бүкіл ғұмырында және автор қайтыс болғаннан кейін 70 жыл көлемінде сақталады. Авторлық құқығы, атына құқығы, автордың атағын қорғау құқығы мерзімсіз сақталады.

Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. 

Сонымен қатар, авторлық құқық объектілерінің нақты белгілері болатынын атап кеткен жөн.

Авторлық құқық объектісінің бірінші белгісі — бұл оның жасалуының шығармашылық сипаты және екінші белгісі-бұл ойын білдірудің объективті нысаны. Бұл дегеніміз, авторлық құқық объектісі автордың шығармашылық еңбегінің нәтижесі болу тиіс және материалдық жеткізушіде тіркелуі керек (жазбаша түрде, бейнелеу түрінде, дыбыс немесе бейне жазбаларда, көлемді-кеңістік нысанында), сондай-ақ авторлық құқық көпшілік алдында орындалған ауызша формада болуы мүмкін.

Авторлық құқықты қорғау белгісі, латынның С әрібінің («copyright» сөзінің алғашқы әрібі) шеңбердің ортасына орналасқанын береді. (Сонымен қатар С әріпін жақшаның — «©» ішінде де қолдануға болады.

Авторлық құқықты қорғау белгісінің болмауы, авторлық құқықтың қорғалмайтынын білдірмейді, себебі, авторлық кұқық туындының пайда болған кезінен басталып туындайды және авторлық құқықты қорғау үшін туындының тіркелгендігі немесе басқада бір формальдықты сақтауды талап етпейді.

Авторлық құқықтың қорғау белгілері бар немесе жоқтығы туындыны лицензиялауға әсер етпейді.

ҚР қылмыстық кодексінің 198-бабының 1-тармағына сәйкес авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналарын өткiзу мақсатында иемдену, сақтау, алып өту немесе дайындау не авторлықты иемденiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу – 

сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады. 

Ұлытау облысы Әділет департаменті

 Зияткерлік меншік құқығы бөлімі

12:16
168

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020