Еңбек – адамның өмірінің мәні мен мағынасы

     Адал еңбек еткен адам ғана шынайы жетістікке жетіп, қоғамның дамуына үлес қоса алады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халқымыздың нақылы еңбекке деген көзқарастың тереңдігін көрсетеді. 

     Еңбек адамы – елдің тірегі, қоғамның қозғаушы күші. Еңбек адамының күнделікті тіршілігі – жауапкершілік пен төзімділіктің көрінісі. Олар таң атпай жұмысқа барып, ел игілігі үшін тер төгеді. Мұғалімдер – білім нәрін себеді, дәрігерлер – адам өмірін сақтайды, құрылысшылар – жаңа нысандар салып, қалаларды гүлдендіреді. Осындай адамдардың арқасында ел дамып, өмір сапасы артады. Қазіргі заманда да еңбек адамының рөлі аса маңызды. Технология дамыса да, адам еңбегінің орны бөлек. Әрбір салада – өндірісте, ғылымда, ауыл шаруашылығында – табанды еңбек қажет.       Еңбекқорлық – табыс пен бақыттың кепілі. Сонымен қатар, еңбек адамын бағалау, құрметтеу – қоғамның мәдениеттілігінің белгісі. Қорыта айтқанда, еңбек адамы – елдің жүрегі. Олардың еңбегі – ұрпаққа үлгі, болашаққа бағыт. Әрбіріміз өз ісімізді адал атқарсақ, еліміз де өркендей береді.

Ерлан Қонысбек.

13:56
253

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020