2025 жыл - "Жұмысшы мамандықтар жылы"

     2025 жылды Қазақстанда «Жұмысшы жылы» деп жариялау – еліміздің еңбек адамына деген құрметінің, қолдауының айқын көрінісі. 

     Бұл жыл – қарапайым жұмысшының, күнделікті еңбекпен ел экономикасына үлес қосып жүрген азаматтардың жылы болмақ. 

      Мемлекет тарапынан мұндай бастаманың көтерілуі – қоғамдағы еңбек адамының рөлін көтеру мен жастарды еңбекке баулудың маңызды қадамы.        Жұмысшы – қоғамның негізі. Инженерден бастап дәнекерлеушіге дейін, құрылысшыдан бастап механикке дейін – барлығы елдің дамуына үлес қосып отыр.   Олардың маңдай терімен іргетасы қаланған зауыттар мен жолдар, өндіріс орындары мен тұрғын үйлер – еліміздің жарқын болашағының негізі.

Сәуле Рашидова.

12:01
251

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020