Еңбек түбі – береке

Қазіргі заманда елдің өсіп-өркендеуі мен тұрақты дамуы – алдымен еңбек адамының ерен еңбегімен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды – Еңбек адамының жылы деп жариялап, үлкен бір тарихи әрі маңызды қадам жасады. Бұл бастама қоғамдағы жұмысшы қауымының мәртебесін көтеруге, олардың еңбегін бағалауға бағытталған. Еңбек – адамның өмір сүруінің негізі ғана емес, мемлекеттің тірегі. Елдің әрбір жетістігі, әрбір саланың дамуы – қарапайым еңбек адамдарынан бастау алады. Құрылысшы, мұғалім, дәрігер, дихан, шахтер, металлург, жүргізуші – осы жандардың тынымсыз еңбегі арқасында еліміз алға басып келеді. Президент Тоқаев өз Жолдауларында бірнеше рет әділетті қоғам құрудың негізі – адал еңбек екенін атап өтті. Еңбек адамына лайықты жағдай жасау, әділ жалақы төлеу, қауіпсіздік пен әлеуметтік кепілдік беру – бұл бастаманың басты мақсаты. 2025 жылдың Еңбек жылы болып жариялануы – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, жастарды адал еңбекке тәрбиелеуге үлкен ықпал ететіні сөзсіз. Бұл – «Еңбек түбі – береке» деген халық даналығын нақты іспен дәлелдеу. Осы жыл аясында елімізде еңбек адамдарының жетістігін насихаттайтын түрлі шаралар, форумдар мен марапаттау рәсімдері өткізілмек. Бұл тек салтанатты жиындар ғана емес, еңбек адамын шынайы құрметтеудің белгісі болмақ. Қорытындылай келе, 2025 жылдың Еңбек жылы деп жариялануы – халықтың ынтасын оятып, бірлік пен еңбекке деген құрметті арттыратын тарихи шешім. Бұл бастама ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген мыңдаған азаматтың еңбегін бағалаудың көрінісі.

Сәуле Рашидова.

12:18
251

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020