​Облыстан 20 сарбаз әскерге аттанды

Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеу әрбір азаматтың абыройлы міндетті. Олай дейтініміз, туған жерді, елді қорғау – қасиетті борыш. Бұл – батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны.

Көктемгі шақырылымда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына Ұлытау облысынан 20 сарбаз іріктеліп, әскерге аттанды. Отан қорғаушыларды мерзімді әскери қызметке шығарып салу мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылып, оған ұрыс іс-қимылдарына қатысқан ардагерлер мен Ұлытау гарнизонының әскери қызметкерлері және сарбаздардың ата-аналары қатысып, сәт-сапар тіледі.

Өз тілшіміз.

18:01
140

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020