ЕҢБЕК АДАМЫ

Әр жыл — елдің даму жолындағы жаңа кезеңнің бастамасы. Қазақстанда әр түрлі жылдарға нақты тақырыптар мен міндеттер арналып келеді. Биылғы 2025 жылдың «Жұмысшы жылы» деп жариялануы — қарапайым еңбек адамына, жұмысшы мамандық иелеріне көрсетілген зор құрметтің белгісі. Жұмысшы мамандығы — қоғамның іргетасы. Еліміздің дамуы мен өркендеуі — осы сала мамандарының тынымсыз еңбегімен тығыз байланысты. Құрылысшылар, металлургтер, дәнекерлеушілер, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері, механиктер — осы мамандық иелері күнделікті өміріміздің негізгі тірегін атқарады. 2025 жылдың «Жұмысшы жылы» атануы — жастарды жұмысшы кәсіптеріне ынталандырып, кәсіптік білімге мән беру үшін жасалған маңызды қадам. Бұл — техникалық мамандықтардың беделін көтеріп, еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа буын жұмысшыларын тәрбиелеуге жол ашады. Сонымен қатар, бұл жыл аясында жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбекақыны әділ бөлу, еңбек қауіпсіздігін күшейту сынды маңызды мәселелер де басты назарда болмақ. «Жұмысшы жылы» — тек атаулы жыл емес, ел болашағына жасалған стратегиялық инвестиция. Бұл — еңбек адамына деген құрметтің, шынайы бағалаудың көрінісі. Елімізде еңбек етіп жатқан әрбір азаматтың еңбегі бағаланып, қолдау табуы — Қазақстанның жарқын болашағының кепілі.

Асель Абдырайымова.

13:12
239

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020