Ұлы Отан соғысы — ерлік пен батырлықтың символы

2025 жылы адамзат тарихындағы ең ауыр, ең қасіретті соғыстардың бірі — Ұлы Отан соғысының аяқталғанына тура 80 жыл толады. Бұл соғыс 1941 жылы басталып, 1945 жылы 9 мамырда Кеңес әскерлерінің Берлинге ту тігуімен аяқталды. Жеңіс оңай келген жоқ — миллиондаған адамның өмірі қиылып, талай отбасы қара жамылды. Алайда, осы ұлы Жеңіс бейбіт өмірдің бастауы болды. Ұлы Отан соғысы — ерлік пен батырлықтың символы. Қазақ халқы да бұл соғыста ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов сияқты ұлтымыздың ержүрек перзенттері Отан үшін жан аямай шайқасты. Тылда қалған аналар мен балалар да өз үлесін қосып, еңбек майданында қажырлы жұмыс атқарды. Бүгін біз бейбіт аспан астында өмір сүріп жатырмыз. Бұл — сол кезеңдегі ардагерлер мен халықтың қажырлы еңбегінің жемісі. Олар бізге еркіндік пен тәуелсіздік әкеліп берді. Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні — тек мереке емес, бұл — естелік, тағзым, алғыс күні. Соғыстың аяқталғанына 80 жыл өтсе де, оның ізі жүректерімізде сақталып келеді. Ардагерлеріміздің қатары сиреп барады, сондықтан олардың естеліктерін тыңдап, құрмет көрсету — біздің парызымыз. Бұл Жеңіс — ұрпақтан ұрпаққа жететін қасиетті тарих. Бүгінгі ұрпақтың міндеті — сол соғыстың қасіретін ұмытпай, бейбітшілікті сақтау. Себебі, соғыс ешқашан қайталанбауы тиіс.

Гүлнұр Берікова.

13:26
135

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020