Қазіргі заман - жаңа технологиялар мен жаңашылдықтардың уақыты

    Бірақ осы заманда да ел дамуының негізі – еңбек адамы, яғни жұмысшы. 2025 жыл – өндіріс пен инновация қатар дамып жатқан жыл. Дегенмен, барлық жетістіктің артында қарапайым жұмысшылардың еңбегі жатыр. Жұмысшы – бұл тек зауытта немесе құрылыс алаңында еңбек ететін адам ғана емес. 

    Ол – ел экономикасын алға сүйреп жүрген нағыз тірек. Қазіргі таңда жұмысшы мамандықтарының маңызы артып келеді. Себебі роботтар мен автоматтандыру жүйелері де адам қолымен басқарылады, ал оларды іске қосатын – білімді, білікті жұмысшылар. 2025 жылы жұмысшы образы өзгерді. Енді ол – заман талабына сай білімді, техника тілін меңгерген, шығармашыл әрі өз ісінің шебері. Қоғам жұмысшыны құрметтей бастады. Олар тек еңбек адамы ғана емес, өз ісіне жауапты, ел болашағына үлес қосып жатқан тұлғалар. Қазақстанда да жұмысшы мамандықтарына қызығушылық артып келеді.        Колледждерде дуалды оқыту жүйесі енгізіліп, жастарды нақты кәсіпке баулуда.     

    «Жастар – болашақтың жұмысшы күші» деген сөз шындыққа айналып келеді. Себебі еңбек еткен, тер төккен адам – ешқашан жаман болмайды.Бүгінгі жұмысшы – елдің дамуына үлес қосатын батыр. Оның еңбегі – ел игілігі үшін. Сондықтан біз жұмысшыны қадірлеп, оның еңбегін бағалай білуіміз керек. Еңбек – өмірдің негізі, ал жұмысшы – сол өмірдің жүрегі.

Гүлнұр Берікова.

13:34
239

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020