Еңбек адамына деген құрмет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл бастама – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жастардың кәсіби бағдарын дұрыс қалыптастыруға бағытталған маңызды шешім. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, олардың қоғамдағы рөлін мойындау – қазіргі заман талабына сай маңызды қадам. Бүгінде еліміздің индустрия, құрылыс, ауыл шаруашылығы сияқты салаларында білікті жұмысшы кадрларға сұраныс жоғары. Дегенмен, көп жағдайда бұл мамандықтар жеткілікті дәрежеде бағаланбай келеді. Президенттің бұл бастамасы – еңбек адамының мәртебесін көтеріп, жастар арасында техникалық және кәсіптік білімге қызығушылықты арттырады деп сенеміз. Жұмысшы мамандықтары – ел экономикасының негізі. Оларсыз бірде-бір өндіріс орны, құрылыс алаңы, инженерлік инфрақұрылым жұмыс істей алмайды. Сондықтан мемлекет тарапынан бұл салаға көңіл бөлінуі – еңбек қоғамын қалыптастыру жолындағы нақты қадам. Осы жылы елімізде жұмысшы мамандықтарын насихаттайтын түрлі форумдар, көрмелер, олимпиадалар, кәсіптік шеберлік байқаулары өтеді деп жоспарлануда. Бұл шаралар жастарды кәсіби білім алуға ынталандырып, олардың болашақ мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына көмектеседі. Қорытындылай келе, 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануы – еңбек адамына деген құрметтің нақты белгісі. Бұл – еліміздің болашағын жасайтын, қолымен өндіретін мамандарға көрсетілген жоғары сенім.

Ерлан Қонысбек.

12:31
221

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020