Ұлы Отан соғысының ардагері Төреқұл Райымбеков — еліміздің тарихындағы ерлік пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісі. Соғыс жылдары майдан шебінде теміржолдарды қалпына келтіру жұмыстарын атқарып, стратегиялық маңызы зор инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеуіне үлес қосты. Оның бұл еңбегі «Отан соғысы» орденімен марапатталды.
Төреқұл Райымбековтің ерлігі мен еңбегі — келер ұрпаққа үлгі. Ол тек майданда ғана емес, бейбіт өмірде де ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп, туған жерінің өркендеуіне өз үлесін қосты. Бүгінгі бейбіт күннің әр сәті — осындай ардагерлердің жанқиярлық еңбегінің жемісі. Төреқұл Райымбеков сынды батырларымыздың есімі мәңгі жадымызда сақталып, олардың ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа өнеге болып қала бермек.
Ерлан Қонысбек.