Ерліктері ұрпаққа үлгі

  2025 жылы бүкіл еліміз Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуын атап өтуде.

   Бұл – біздің халқымыз үшін аса маңызды тарихи оқиға, әрі елдің бірлігі мен батырлығының символы. Бұл күн – соғыс өртінде шейіт болғандарды еске алу, тірі ардагерлерге құрмет көрсету күні. Ұлы Отан соғысы – қазақ халқының тарихында да өшпес із қалдырған ауыр кезеңдердің бірі. Қазақстаннан бір жарым миллионнан астам адам соғысқа аттанып, олардың жартысына жуығы майдан даласында қаза тапты. Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандарымыздың есімдері ұрпақ жадында мәңгілік сақталады. Бейбітшілік пен тәуелсіздік – оңай келмеген қасиетті құндылықтар. Бүгінгі ұрпақ үшін бұл оқиға тек өткеннің естелігі емес, сонымен қатар, елдің тұтастығы мен татулығының маңызын ұғындыратын өмірлік сабақ. 

     Біз ардагерлер алдында мәңгілік қарыздармыз. Олар көрсеткен ерлік пен төзімділік бізге рух береді, ұлт ретінде бірігуімізге себеп болады. Жеңістің 80 жылдығы – бұл ұлы тарихты ұмытпай, болашақ ұрпаққа аманат етуге шақыратын маңызды белес.

Асель Абдырайымова.

11:54
192

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020