25-27 сәуір аралығында С. Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театры сахнасында К.С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театры сіздерге шаттық пен күлкіні, терең драманы және балалық шақтың сиқырын сыйлайды.
Ересектерге арналған спектакльдер:
«Ханума, или что угодно» (12+) – махаббат, шиеленіскен оқиғалар мен әзілдерге толы Тифлистің әйгілі тарихына музыкалық пародия.
«Боинг-Боинг» (16+) – француз комедиясының жауһары: үш сұлу стюардесса, бір қу жігіт және күлкілі жағдайлар.
«Доходное место» (12+) – ақша билеген қоғам мен адами қағидаттар қақтығысын арқау еткен Островский драмасы. Қазіргі күнде бұрынғыдан да өзекті.
Балаларға арналған ертегілер:
«Приключения Винни-Пуха» (3+) — сүйікті кейіпкерлер, көңіл көтеретін әндер мен бүкіл отбасы үшін жүрекке жылы ертегі.
«Золотой осёл Насреддина» (5+) – Шығыс әлемінің терең ойы мен тапқыр әзілдері, жарқын да қызықты кейіпкерлері туралы ертегі.
Театр – бұл жай ғана өнер емес, ол – уақыт пен кеңістіктің тоғысында шындық пен ізгілікті, терең ой мен сұлулықты бір арнаға тоғыстыратын киелі әлем.
Құрметті жезқазғандықтар, сіздермен кездесу сәтін асыға күтеміз!
25-27 сәуір.
Билеттерді TIKETON-да және +7 702 600 79 81 телефон арқылы сатып алуға болады.