​Кітап – әлемнің жаршысы

Ұлттық кітап күніне орай, №Қорғанбай ауылдық кітапхана-филиалы «Кітап – әлемнің жаршысы» атты зияткерлік ойын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, әдеби білімін тереңдету және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту .

Интеллектуалды додаға «Зияткерлер» және «Мұрагерлер» командасы қатысып, ойын шарты бойынша «Кім туралы?», «Шығарма – кейіпкер», «Цитата – автор», «Жедел сұрақтар» (шапшаңдыққа арналған) бөлімдерінде бақ сынады.

Тартысты додада қатысушылар өз білімдерін, шапшаңдығын және әдебиетке деген ынтасын таныта білді. Нәтижесінде, «Мұрагерлер» тобы қарсыластарынан 1 ұпай артық жинап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Ойын соңында екі командаға да алғыс хаттар мен «Кенесары хан» кітабы табысталды. Кітапхана ұжымы оқырмандарға шығармашылық шабыт тіледі.

Өз тілшіміз

18:45
57

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020