​Бұл кітап әлемі-ғажап әлем

2024 жылдан бастап Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» болып бекітілді. Осы мерекеге орай Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында «Бұл кітап әлемі-ғажап әлем» атты облыстық, қалалық мүшәйралардың жүлдегері, Айнұр Қожахметтің «Мерей» кітабының таныстырылымын ұйымдастырды.

Іс-шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Ұлытау облыстық филиалының басшысы Батырбек Мырзабеков, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, танымал ақын Ғазиз Ештанаев, «Ұлар» әдеби клубының жетекшісі Абай Ораз және қаламыздағы колледждердің студенттері қатысты.

Жиналғандар назарына ақын Айнұр Бектасқызының өмір жолынан «Өлеңмен өрнектеймін өмірімді» атты бейнебаян көрсетіліп, жырларынан өлеңдер оқылды.

«Мерей» кітабының повесі бойынша көрініс қойылды. Көріністе жасөспірім қыз бен анасының арасындағы түсініспеушілік, студенттік өмірі мен басынан қиындығымен қатар жүрген қайсар қыздың арман мүддесіне жету жолындағы күресі, сезім толғаныс, махаббатын бейнелейтін адамгершілік қасиеттері көрсетілді. Студенттер кітапта жазылған оқиға желісі бойынша авторға сұрақтар қойды.

Кітап таныстырылымында сөз кезегін алған автор кітапхана-филиалдарына «Мерей» кітабының 6 данасын және өнер көрсеткен жастарға кітабын сыйға тартты. Әдеби-мәдени кеште Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Анар Махмутова автор Айнұр Бектасқызына шығармашылық жолына сәттілік тілеп, «Құттықтау хат» табыс етті.

А.Жәнібекова,

“Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” КММ

Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы.

18:47
64

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020