Қазақстан Республикасы 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялады! Бұл бастама еліміздің еңбек нарығында жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру, жастарды кәсіби білім алуға ынталандыру және еңбекқор азаматтарды қолдау мақсатында қолға алынды.
Неге жұмысшы мамандықтар маңызды?
— Олар – экономиканың тірегі, өндірістің негізі.
— Жұмысшы мамандықтары арқылы елімізде жаңа технологиялар мен инновациялар енгізіледі.
— Кәсіби шеберлік пен тәжірибе – табысты болашақтың кепілі.
♂️ Жыл аясында өтетін шаралар:
— Жұмысшы мамандықтарды насихаттау бойынша ақпараттық кампаниялар.
— Кәсіби шеберлік байқаулары мен семинарлар.
— Жастарға арналған оқу және қайта даярлау бағдарламалары.
— Мамандықтардың танымалдылығын арттыру үшін кәсіпорындармен бірлескен жобалар.
Еліміздің дамуы – әрбір еңбекқор азаматтың қолында! Жұмысшы мамандықтарды құрметтеп, оларды дамытуға атсалысайық!
Асель Абдырайымова.