Кез келген қоғамның іргетасы – еңбек адамы

    2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл шешім еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін аса маңызды. Себебі кез келген қоғамның іргетасы – еңбек адамы. Қарапайым жұмысшыдан бастап, ірі өндіріс жетекшілеріне дейін бәрі – ел дамуына үлес қосып жатқан азаматтар.
Қазіргі заманда техника мен технология қарқынды дамуда. Бірақ сол машиналар мен құрылғыларды басқаратын, жөндейтін, құрастыратын адам – жұмысшы. Дәнекерлеуші, электрик, құрылысшы, механик сияқты мамандықтарсыз ешбір ел алға жылжымайды. Сондықтан жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру – уақыт талабы.
     Жұмысшы мамандықтарын насихаттау – жастарға дұрыс бағыт беру. Қазір көптеген оқушылар тек жоғары білім алуды армандайды, алайда кәсіптік-техникалық мамандықтардың да маңыздылығы кем емес екенін түсіну қажет. Жақсы маман болған – жақсы болашақтың кепілі.

     2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы болып белгіленуі – қарапайым еңбек иелеріне көрсетілген құрмет. Бұл бастама арқылы жұмысшы мамандығының қадірі артып, жас ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады деп сенемін. Еліміздің болашағы – білімді, еңбекқор, шебер мамандардың қолында.

Ерлан Қонысбек.

13:18
208

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020