12 мамырдан бастап Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетіледі. Бұл туралы Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаров мәлімдеді.
Оның айтуынша, аудан-қалалар арасындағы қозғалысқа рұқсат беріледі. Тек, Теміртау қаласында ғана шектеу шаралары сақталады.
«Қарағанды облысының шекарасындағы және Теміртау қаласындағы блок бекеттер жұмысын жалғастырады. Ал, басқа аудан-қалалар арасындағы блок бекеттер ертеңнен бастап алынып тасталады. Сәйкесінше, аудандар мен қалалар арасындағы қозғалысқа рұқсат беріледі», — деді Қанат Асқаров.