Жұмысшы мамандықтары – кез келген қоғамның тірегі

2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл шешім елдің дамуы мен экономикалық тұрақтылығында аса маңызды рөл атқаратын жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға бағытталған. Заманауи технологиялар мен индустрия дамыған сайын, жоғары білікті жұмысшы кадрларға деген сұраныс артып келеді.

Жұмысшы мамандықтары – кез келген қоғамның тірегі. Олар – зауыттарда, құрылыс алаңдарында, жол жөндеу жұмыстарында, ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген адамдар. Олардың еңбегі күнделікті тұрмысымыздың ажырамас бөлігіне айналған. Сондықтан да бұл мамандық иелеріне құрмет көрсету, оларға қолдау білдіру – қоғамның басты міндеті.

2025 жыл – тек қана насихаттау жылы емес, нақты әрекеттердің, кәсіби білім беруді жаңғыртудың, колледждер мен техникалық мектептердің әлеуетін арттырудың жылы болуы тиіс. Бұл бағытта мемлекет тарапынан түрлі гранттар, оқу орындарын жабдықтау, өндірістік тәжірибе мен жұмысқа орналастыру жүйесін жақсарту секілді нақты қадамдар жасалуы қажет.

Жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру да – маңызды мәселе. Жұмысшы болу – заман талабына сай, жауапкершілігі жоғары әрі құрметке лайық еңбек екенін қоғамға ұғындыру қажет.

«2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» деген атау – бұл тек бір жылдың ұраны емес, бұл – еңбек адамына деген құрметтің, елдің болашағына деген сенімнің белгісі.

Гүлнұр Берікова.

12:16
260

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020