​Ұлытау облысында шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде

  Биыл саяқ шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 17 220 гектар аумақта жүргізіледі деп жоспарлануда. Оның ішінде, Ұлытау ауданы — 9 870 гектар, Жаңаарқа ауданы – 5 030 гектар, Қаражал – 2 320 гектар. 

     Жаңаарқа ауданы мен Қаражал қаласында 7 350 гектар аумақ жеңіл әуе көлігі арқылы тазартылса, Ұлытау ауданының 4 830 гектар жері жеңіл әуе және 5 040 гектары жер үсті көлігімен өңделеді.

     Қазіргі таңда Ұлытау ауданына қарасты Мибұлақ ауылдық округінде саяқ шегірткелер қоныстанғаны анықталып, 1300 гектар шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері өңделді.

17:30
137

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020