Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген ҚР азаматы қатыса алады.
Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша Резервке үздік 50 кандидат іріктеледі.
Резервке қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей тікелей түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.
Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1 – 30 маусым аралығында беруге болады.
Ол үшін 1–30 маусым аралығында
қатысушы ЖСН
және электрондық поштаны енгізу
арқылы сайтта тіркеуден өтуі қажет.
Кандидаттың жасы тексерілгеннен кейін оған жеке кабинетте анкетаны толтыруға және қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндік беріледі.
Сайтқа тіркелу үшін келесі құжаттардың көшірмелерін жүктеу қажет:
1. Жоғары білім дипломы
2. Еңбек өтілін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес)
3. Мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгергенін растайтын әрі жарамды QAZAQ RESMI TEST немесе KAZTEST сертификаты.
Тіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда кандидат
https://pkrezerv.gov.kz
сайтындағы Jivo чат немесе +7 700 096 70 74 нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezrv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.