Елімізде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқан басталды

    2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны өтеді.
   Бұл бастама – балалар мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және балалардың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамның назарын бала құқығы мен балалық шақтағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған.
Аталған науқан «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» ұранымен басталады.
    Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде балаларға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар, Отбасыны қолдау орталықтарында ашық есік күндері ұйымдастырылады. Онда қазақстандықтар түрлі сала мамандарынан кеңес алып, ата-ананың жауапкершілігін түсінуге арналған оқыту шараларына қатыса алады.
«Қазақстан балалары»: Национальная кампания к Международному дню защиты детей стартовала в Казахстане
С 22 мая по 1 июня 2025 года в Казахстане впервые проходит Национальная кампания «Қазақстан балалары» к Международному дню защиты детей.
Инициатива направлена на привлечение внимания к вопросам детства и формирование среды, где каждый ребенок чувствует себя услышанным, защищенным и важным.
Старт акции дан Министерством культуры и информации РК под девизом «Әкем — тірегім, анам – жүрегім».

По всей стране сегодня организованы культурно-познавательные мероприятия для детей, дни открытых дверей в Центрах поддержки семьи, где казахстанцы смогут получить консультации различных специалистов и посетить обучающие мероприятия по повышению родительских компетенций.

12:04
152

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020